Түркияда «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік ұйымының «денсаулық сақтау министрі» ұсталды, деп хабарлады Trend.
«Оңтүстік шығыстағы Шанлыурфа түрік провинциясында ИМ лаңкестік ұйымының «денсаулық сақтау министрі» деп аталатын Кэфах Башер Хусейн ұсталды», - делінген сәрсенбіде таратылған полиция хабарында.
Сонымен қатар, ИМ-мен байланысы бар тағы 14 адам ұсталған.
«Ұстағандардың 7-уі Алжир, қалған төртеуі Сирия мен Ирактікі, Голландия, Марокко және Египеттің бір-бір азаматынан бар», - делінген полиция хабарында.
Еске салсақ, 12 қаңтарда Түркия полициясы ИМ «ауыл шаруашылық министрі» Тарык Ахметті ұстаған еді.
2017 жылдың желтоқсанында Хатай түрік провинциясында Сириямен шекарада ИМ ұйымының белгілі баскесерлерінің бірі 28 жасар Махмуд деген лақап атпен белгілі лаңкес ұсталған.
Хабарда атап өтілгендей, Сирияда 2011 жылдың наурызынан бастап қарулы қақтығыс жалғасып жатыр, Соның салдарынан БҰҰ ақпары бойынша 500 мыңнан атам адам қаза тапқан. Үкімет әскеріне түрлі саяси бағыттан құрылған қарулы топтарға жататын содырлар қарсы тұруда. Олардың ішінде ең белсенділері «Ислам мемлекеті», YPG және PYD.
