Украина әділет министрі Павел Петренко Украинада заңды алаң аясында атышулы биткоин криптовалютасын енгізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлады Укрnews.
«Әлемде биткоин – бұл транзакция нарығының басым бөлігін қалыптастыратын құбылыс, соның ішінде тауарлармен, ақшалай қаражатпен жасалатын транзакция да бар, бұл факт. Сіздер көріп отырғандай, осы валюта бойынша тауарлар сатылатын алғашқы смарт-келісімшарттар да жасалуда. Бұл орын алған факт», - деді П. Петренко.
Оның айтуынша, Украинада, қалай болғанда да биткоинмен мәмілелер жасалады, сондықтан оны бірден мемлекеттік деңгейде реттеу керек. Сондай-ақ, ол атап өткендей, қаржымині, Ұлттық банк және басқа да реттеушілер мұнымен белсенді түрде айналысуда. Әділет министрлігі де биткоинды құқықтық бағалаумен жұмыс жасауға әзір.
