ҚХР-да құс тұмауының вирусы (H7N9) эпидемиясы тіркелді, деп хабарлайды Роспотребнадзор сайты.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамәл-ауқатын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметі Гонконг денсаулық сақтау орталығының деректері бойынша және Еуропалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, 2017 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша әлемде жалпы 1565 адамдаа А (H7N9) құс тұмауының вирусы бар болса, оның ішінде 150-ден астамы (шамамен 10%) ҚХР-да», - делінген хабарда.
Бұл тұмау вирусынан туындаған адам аурулары негізінен Қытай Халық Республикасының оңтүстік өңірлерінде тіркелді. Құс тұмауы вирусымен инфекция көбінесе тірі құс базарына баруымен байланысты, адамдар арасында вирустың берілуі A (H7N9) вирусының генетикалық сипаттамаларына байланысты өте шектеулі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам денсаулығын қадағалау жөніндегі Федералдық қызметі құс тұмауы тіркелген елдерге, соның ішінде ҚХР-ға барған кезде алдын алу шараларын сақтау қажеттігі туралы хабарлайды.
