Жер бетіндегі халық саны 2018 жылдың басында 7,5 млрд жетуі мүмкін, деп хабарлады ТАСС.
«1 қаңтарда жер бетіндегі халық саны 7444443881 адамға жетеді. Бейсенбіде АҚШ халық санағы бюросының мамандары осындай болжамдарын мәлімдеді», - делінген жұмада жарияланған хабарда.
Сарапшылар атап өткендей, «ағымдағы жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда Жер бетінің халқы 78,5 млн адамға артады». Өсім 1,07% құрайды.
«Келер жылдың қаңтарында әр секунд сайын өмірге 4,3 бала келіп, 1,8 адам қайтыс болады» деп болжануда.
Бұған дейін бюро 2050 жылы әлемде 9 млрд адам болады деп болжаған еді.
XI ғасырдың басында Жер бетінде 310 млн адам тұрған, 1900 жылы - 1,6 млрд адам. 6 миллиардтық белгіден 1999 жылы өтіп кеткен. 2011 жылы халық саны 7 млрд адамға жетті.
