Зимбабведегі президент Роберт Мугабе 37 жыл биліктен кейін отставкаға кетуге келісті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-тарға сілтеме берген ҚазТАГ.
«Иә, ол отставкаға кетуге келісті», - деп мәлімдеді Р. Мугабенің айналасындағылар France-Presseке.
ВВС орыс қызметінің хабарлауынша, Зимбабведе билеуші ZANU-PF партиясы партия жетекшісінің лауазымынан Р. Мугабені ауыстырды. Партия бұрынғы вице-президенті 75 жасар Эммерсон Мнагнагваны сайлады, оны Мугабэ екі апта бұрын жұмыстан шығарып тастаған.
«Партия қаулысына сай, егер Р.Мугабе дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша ерікті түрде өз еркімен отставкаға кетпесе, оған қарсы импичмент процесі басталады», - делінген ақпаратта.
Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ZANU-PF мемлекет басшысының лауазымына Э.Мнангагваны тағайындайды. Бұдан басқа, Зимбабведегі Конституцияға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әскерлер президент, оның отбасы және министрлер кабинетінің кейбір министрлерін қамауға алды. Президентке өз еркімен қызметтен кетуді сұрады.
