Қарағандылық Наталья Звягинцева Мексикадағы паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын алды.
«Бізде жаңа әлем чемпионы - Наталья Звягинцева (Қарағанды - ҚазТАГ) бар. Шалқалап жүзуде 50 метр қашықтықта бірінші орын. Бұл Қазақстан тарихындағы Әлем кубогының алғашқы «алтыны». Наталья Азиядағы рекордты Мексикада жаңартты», - деп жазды Instagram парақшасында Қазақстанның Паралимпиада комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев.
Сондай-ақ, тұғырға 100 метрлік еркін стильде жүзудегі «күміс» жеңіп алған біздің басқа отандасымыз Зүлфия Ғабидуллина көтерілді.
