Қатыш дөңі

3846 просмотров
0
Жұмат Әнесұлы
Суббота, 20 Мар 2021, 14:00

Азапты күндерден қалған із

17-жылдың кезі еді, Патша құлаған. Уақытша өкіметінің құзыры жүріп тұрған кез. Елдің солтүстүгінде де, оңтүстігінде де көтерілістер болып, елдің аласапыран кезді басынан өткеріп жатқан ды. Қаратауды жайлаған Қоңыраттардың арасынан шыққан Қабақан есімді кісі аңшылықпен өмірі өткесін "Қапқан" атанып кеткен. Сол Қабекең ер жеткен ұлы Садақбайды, қызы Хадишаны, сосын он бес шақты жақын туыстарын ертіп, елден бөлініп, Қордай жақтағы Тереңөзек деген шағын көлді мекен екткеніне де бір жылдай болып қалған. Тереңөзектің маңы қалың қарағай , адам өтетін жер шамалы, өзекке келетін бір ғана жалғыз аяқ жол бар. Қапан аңшы адам аяғы баса бермейтін қуысты мекен етіп отырғанымен, тауға шыққанда, бір шама елдің анда санда Қордай асып бара жатқанын байқап жүр. Кезіккен біреуінен сұрағанда Үрімші жаққа бет алып бара жатқанын  айтатын. Бірде Қабекең мен Садақбай тау ешкісін аулап жүріп, қалың ағаштың ішінде бір атты орыс солдатының өлігіне кездесті. Винтовкасы мен маузері бар екен, бұлар соны олжа деп алды. Сосын әкесі мен баласы Қордай жаққа тау үстінен барып, шолу жасап қайтқан. Бесін кезі болатын. Тараз жақтан болуы керек, елу шақты түйеге жүк артқан қазақ көші Қордай тұсынан өтіп бара жатқан. Көз ашып жұмғанша болмай Қордайдың тұсындағы төбеге орнатылған пулеметтен тізбек тізбегімен оқ атылып, әлгі көшті түгел қырып тастады. Әрине, көшті қырып салғандар қызыл жағы ма, әлде ақтар жағы ма, ол да белгісіз болып қалған.

Читайте также
Мысалдар мен әзілдер

Қапан аңшы мен Садақбайдың зәресі ұшып келген жағындағы тау тастың арасымен Тереңөзекке қарай ғайып болды.

Тереңөзекке бір күні жалғыз аяқ жолмен елу шақты шинелді орыс солдаттары келді. Бәрі атты, бір түйеге артқан пулеметі бар. Олар Қабекеңнің ауылына қосылмай, көлдің бір шетінде түнеп шықты. Сосын солдаттардың ақ елтірі бөрік киген, бір көзін қара былғарымен жауып алған бастығы Қапанды шақырып алып, бұл жерде неге отырғандығын, және Қордай бұл жерден алыс па, Қытай жаққа өтуге бола ма деп сұрады. Қапан оған орысша түсінбейтінін айтты. Солдаттардың арасында бір татар бар екен, сол солдаттардың бастығының сөзін Қапанға түсіндірді. Қапан орысша білмейтінін, өздерінің бұл жерде малы жоқ кедей екенін, таудан аң аулап күн көретінін айтып еді. Татар жігіті Қапанның сөзін аударып отырды. Ақ бөрік киген, бір көзін қара қайыспен танған бастығы төмен қарап, біраз ойланып отырды да, "Ертең ертемен Қордай жаққа жолға шығамыз, сен жолбасшы боласың, бүкіл ауылыңды ертіп аласың" деді де өз қостарына кетті.

Таң сібірленіп жаңа атып келе жатқан. Садақбай он алты жастағы қарындасы Хадишаны түйенің қомындағы үлкен қоржынға отырғызды. Қоржыннан Хадишаның басы да көрінбейді. Қоржынның түбінде анада ағасы тауып әкелген жиырма оғымен маузер жатыр. Хадиша жастайынан мылтық атып, аң аулап көрген.Сонымен бірер сағаттан кейін Қабакеңнің көші жүруге дайын болды. Сол кезде ақ бөрікті жалғыз көзді ақтардың бастығы келді де "дайынсыңдар ма?" деп сұрады. Қабекең басын изеді. Сол кезде ақбөрікті жалғыз көзді командир белінен маузерін суырып алып, Қапан аңшыны басынан көздеп атып салды. Иіріліп тұрған жұрт жылап, айнала даңғаза болды. Жалғыз көзді командир сол кезде "Керек болса, қазір бәріңді атып тастаймын!" деп ақырды. Жұрттың дауысы басылғандай болған кезде, жалғыз көзді "Қордайға бізді сен бастап апарасың" деген. Сонымен ақтың елу шақты отряды да, Садақбайдың көшіде Қордайға қарай қозғалды. Ақтың отряды жүз елу-екі жүз метрдей алда келе жатқан. Қордайға шамамен бес шақырымдай қалған. Ақ отрядтың алдында келе жатқан жалғыз көзді командир бір сәтте кілт бұрылып, қазақ көшінің алдында келе жатқан Садақбайды көздеп атып жіберді. Садақбай жерге сылқ ете қалды. Осының бәрін қоржынның тесігінен көріп келе жатқан Хадиша түйе жетектеп келе жатқан інісіне жерде жатқан Садақбайдың винтовкасымен патрондарын әкеп беруді сұрады. Түйеші жігіт еңбектеп барып, винтовкамен патрондарды Хадишаға әкеп берді. Хадиша мерген болатын. Садақбайды атқан жалғыз көзді командир енді ештеңеге алаңдамай, аяң желіске салып Қордайды бет алып бара жатқан. Іші ызаға толы Хадиша винтовканы иығына қондырып, сар желіспен кетіп бара жатқан ақ бөрікті, жалғыз көзді командирді жүрегінен көздеп, шүріппені басып жіберген болатын. Ақ бөрікті, жалғыз көзді командир аттан мұрттай ұшып түсті. Ақ солдаттыр әуелі не болғанын түсінбей қалды, сөйтсе, арттан атып жатыр екен. Енді қырық шақты ақтар солдаты қазақ көшіне қарай қылыштарын жалаңдатып шапты. Олар Хадишаның түйесіне екі жүз метрдей жақындағанда, Хадиша он рет атып, он солдатты ат матымен тоңқалаң асырды.

Читайте также
Арман болған автономия

Хадиша енді маузерді қолына алды, атуын біледі.Солдаттардың он бес шақтысы бұған жүз елу метрдей жақындап қалған. Хадиша маузермен он рет атып, он аттыны төңкеріп тастады. Ақтардың қалғандары енді састы. Кейін шегініп аман қалуға тырысты. Олар бір кезде алыстап, көз ұшында кетіп бара жатты.

Хадиша он алты жастағы бала қатты шаршаған, әрі жауларынан құтылған сияқты....Кетіп бара жатқан ақтардың отрядының қалдығына ұзақ қарап отырып, көзі ілініп кетіпті. Бір кезде біреудің  дөрекі орыс дауысынан оянды, қараса қара бөрік киген мұртты казак бұған винтовка кезеп төніп тұр екен. "Аха, живая, киргизка!" деді де винтовкасының шүріппесін басып қалды. Хадишаның көз алды қарайып кетті, ол енді қайтып көзін ашып, жарық дүниені, көк аспанды көре алмады.

Аңшылардың көшіне шабуыл жасаған солдатттардың  шуы басылғанынына да біраз уақыт өткен. Бір кезде Хадиша отырған түйенің үстінен винтовканың дүңк еткен дыбысы естілді. Түеге жегілген арба бар еді, соның астында Садақбайдың туысы  Қолмерген өлген адам құсап жатқан. Сол мылтық дауысы ойда жоқ жерде шыққасын, басын көтеріп қараса, түйенің  екінші қоржынының үстінде винтовка кезеніп қара сеңсеңді солдат винтовкасын  Хадишаның отырған қоржынға кезеніп тұр екен. Сол ақ, екен, винтовканың атылған дауысы естілді. Қолмерген  де аңшы болатын, бірақ, аңдарды қонышындағы қара пышағымен атып жығушы еді. Анау солдаттың Хадишаны атқанын көріп, орнынан атып тұрды да, қонышынан қара пышағын суырып алып, солдатқа қарай зу еткізді. Қара пышақ солдаттың ту арқасынан барып қадалған екен, солдат түйенің үстінен сылқ етіп, жерге құлады. Сөйтіп, Қақпан аңшының көші мен  ақтар отрядының шайқасы осындай трагедиямен аяқталып еді.

Читайте также
Ахмет БІРІМЖАНОВ- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ

Атыс-шабыс кезінде әр жерге қашып, тығылып қалған Қапан аңшының оншақты туыстары бірер күнде жиналып, Қапан аңшының, Садақбай аңшының, әкесі мен ағасы үшін кек ала білген Хадиша баланың басына   бейіт көтеріп, үлкен белгі соққан. Басына "Қоңырат батырлары Қапан, Садақбай аңшыға, Хадиша батырға ескерткіш" деп ескіше сөз жаздырған. Сол кезден бұл бейіт "Хадиша бейіті" деп аталып кеткен. Кейін 37-жылдары ел мұны "Қатыш дөңі" деп атап жүрген.

39-жылдар шамасы осы "Қатыш дөңі" деп аталатын жерге Үрімші жақтан келе жатқан екі жолаушы дөңнің көлеңкесіне тоқтап, аздап дем алып алмақ болды.Екеуінің үстіне кигені тәжіктің ала шапаны. Бірақ, бұлар баяғы осы жердегі үлкен шайқаста аман қалған жігіттер екен. Екінші жігіт алғашқысынан кішілеу екен

- Аға, бұл бұрын "Хадиша бейіті "деп аталатын еді, қазір жұрт мұны неге "Қатыш дөңі" деп атайды? - деп сұрады.

- Қалқам ау, күн сайын заман өзгеріп жатыр. Бұл жерден сан мың адам өтіп жатыр. Олар бұл бейіттің тарихын қайдан білсін. Білсек, көзбен көрген біз білеміз. Қайран, қапыда кеткен туыстарым ай! деп, үлкені Қапқан аңшының, Садақбай аңшының аруағына, ондаған жауынан кек алған Хадиша батырдың аруағына  әлгі екеу құран бағыштады.

Автор: Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, ақын, жазушы, тарихшы, ардагер-журналист.

Фото с сайта zonakz.net.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Марафондарыңды… Сендер айдалаға барып жүгіріңдерші. Көше жауып, пробка жасамай.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
От публикации на Ratel.kz до отказа от закупки георгиевских лент ко Дню Победы прошло всего несколько часов
Как научить отечественных чиновников отличать казахстанский патриотизм от российского
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Всё, что вы хотели узнать о "КазМунайгазе", но не знали где
О зарплатах топ-менеджеров, судебных исках и цене на нефть
Отношение власти к обществу в Казахстане
Подавление свободы слова и оппозиции уменьшает шансы на успешное долгосрочное развитие страны
Культура отмены – это сигнал деградации общества
Это не прогресс, а судилище толпы, неправосудная расправа времён суда Линча
Кошкарата – золотой ключик города Шымкента
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Нескучные документы
Как мы ходили на экскурсию в городской архив
Скандально известная депутатша обидела очередного мужчину - депутата облмаслихата
В стране, где спасу нет от куандыков и шарипов, есть злая женщина, на которую мужчины регулярно пишут заявления в суд и жалобы блогерам
Казахстанская энергетика: перезимовали… Что дальше
В южных регионах Казахстана уже в первой половине апреля отключили отопление
В Актобе оправдали сына судьи, задержанного полицейскими за пьяную езду
Мама водителя возглавляет коллегию по гражданским делам Актюбинского областного суда
В ВКО предприниматели не хотят дважды платить взносы в ОСМС
Но их мнение на данный момент фонд медицинского страхования не особо волнует
Как акимат Караганды обошёл законы ради BI Group
Администрация Булекпаева не смогла подавить негатив в свой адрес, половина города ненавидит чиновников
Гибели растений опасаются в ботаническом саду Петропавловска
После урагана в кровле оранжереи возникли дыры
Мажилисмен от Жетысу предлагает правительству искать средства для бюджета на космодроме Байконур
Он предлагает усилить кадровый состав и запускать ракеты в коммерческих целях
Ассоциация кемпингового туризма: акимат вставляет палки в колеса тем, кто хочет развивать отрасль
Сверху декларируется поддержка, а на местах чинят препоны
Руководители "Жасыл аймақ" вернули государству свыше 6 миллионов тенге, похищенных ими вместо посадки "зелёного пояса"
Осуждать приговором их не стали в связи с истечением срока давности
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.