Қазақ футболы "OLIMPBET" атауынан арылады

1859 просмотров
0
Аслан Каженов
Среда, 01 Мая 2024, 12:00

Заңның аты заң. Енді одан ешкім аттап кете алмайды...

Тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісейін. Біреу білсе, біреу білмес, дәл қазір Мәжіліс қабырғасында дене шынықтыру және спортқа қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Жұмыс тобының төрағасы - Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ.

Айтпағым, о баста депутаттарды алаңдатқан негізгі мәселенің бірі осы қазақ футболындағы букемекерлік компания атауы болды. Яғни, "OLIMPBET ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫ", "OLIMPBET КУБОГЫ" және "OLIMPBET СУПЕР КУБОГЫ" дегендер көбейіп кетті.

Читайте также
Гербке мемлекеттің сұсы мен сесі жетпей тұр – депутаттар

Футбол алаңының жиегінде не футболшылардың жейдесінде тұрса бір жөн. Бұл компания есіргені соншалық, Қазақстан чемпионатының да атын иемденіп алған. 

Қысқасы, оны алып тастау біз ойлағандай оңай емес екен. Өйткені букмекерлік компания, қателеспесем, 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Сол құжатты негізге алып, бет бақтырмайды. Мәселені шешудің бір ғана жолы болды. Заңмен тыйым салу.

Жұмыс тобының жетекшісі Нартай Сәрсенғалиев бастаған депутаттар арнайы норма ұсынды.

Оның негізінде спортқа жауапты министрлік арнайы классификатор енгізеді. Ол жерде жарнамалық және коммерциялық атауларға жол берілмейді. Оның ішінде осы букмекерлік компанияның атауы да бар. 

Читайте также
Ешбір ел өз ұлдарын бұлай төмендетпейді

Менің ойымша, бұл – өте дұрыс шешім. Өйткені, букмекерлік компаниялар әбден шектен шықты. Иә, қаржылай қолдау көрсетеді. Бірақ демеушімін деп, бір елдің чемпионатын тұтастай сатып алу деген масқара ғой.

Енді осы заң жобасы өз реттілігімен президенттің алдына жетуі керек. Одан кейін мемлекет басшысының қол қоюын асыға күтеміз.

Сәйкесінше, алдағы маусымнан бастап "OLIMPBET" атауы алынады.

Бұл қазақ футболындағы үлкен жеңіс деуге болады. Соңғы жылдардағы үлкен жеңісіміз. Өйткені, осы компанияны қолдайтын әріптестер "ештеңе бітіре алмайсыңдар, олар кез-келген депутатты сатып алады, олар бүйтеді, олар сүйтеді" - деп біраз нетіп еді.

Жоқ.

Халық қалаулылары норманы қабылдады.

Заңның аты заң. Енді одан ешкім аттап кете алмайды...

 

Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай