Халық референдумның әділ өткенін қалайды

1892 просмотров
0
Мұрат Өтебайұлы
Вторник, 01 Окт 2024, 14:00

Елдің тағдырын қыл үстіне қоюға ешкімнің қақысы жоқ

Президент ТОҚАЕВ былтырғы жолдауында: "АЭС құрылысы бүкіл халықтық референдумсыз шешілмейді, уәдемде тұрамын", - деді.

Бәлкім, референдумнан бұрын, бүкіл қоғам болып, айтулы мамандар болып, әбден талқылауымыз керек пе еді?

Читайте также
"Давай бәріміз өлейік" деген референдум өтсе...

Биліктің қазіргі әрекеттері халықтан бұрын өздері шешім шығарып қойғанға меңзейді. Халық қанша қарсы болса да, референдум нәтижесіне әсер ете алмауы мүмкін. Біздің елде сайлау қалай өтетіні, дауыс қалай саналатыны бәрімізге белгілі.

Халықтың сайлау, референдум атаулыға соншалықты самарқау қарайтынының басты себебі – олардың биліктен көңілінің қалуы. Көңілі қалмай қайтеді? Қазақ елінің сайлау жүйесі, оның кемшіліктері 32 жыл бойы айтылып келеді. Нәтиже жоқ. Бұрынғы сайлау жүйесі, бұрынғы заң, бұрынғы тәсілдер, бұрынғы нәтижеге қол жеткізу.

АЭС – референдум арқылы шешілгелі отырған үлкен мәселе. Билік оны өтірікке құрылған ескі жүйенің жолымен емес, халықпен санаса отырып, тиімді жолмен шешуі тиіс. Билік тактикалық міндеттерді жүзеге асыру үшін ғана халықтың тағдырын қыл үстіне қоюға қақысы жоқ. Сондықтан да халық әділдікті қалайды. Референдумның әділ өткенін, таңдау жасауда халыққа еркіндік пен ерік бергенін қалайды. Бұл – миллиондаған халықтың үміті мен сенімі. Билік – халық сеніміне ие болу, халыққа сүйеніп билік жүргізу. Конституция бойынша биліктің жалғыз қайнар көзі – халық, президент болсын, әкім, министр болсын, уақытша менеджер ғана. Ол халықтың қызметшісі болуы тиіс.

Референдумның талаптары өкіметтегі бір топ емес, бүкіл ел үшін орындалуы керек.

Олай болса, өзіңді сыйла, өзіңді сыйлаған халықты сыйла, сол халықтың үніне құлақ түр! 

Мұрат Өтебайұлы, Саудакент ауылы, Сарысу ауданы Жамбыл облысы.

Фото: © Ratel.kz / Сергей Перхальский.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана