Путин барда Ресей ешқашан дамымайды – саясаттанушы

3181 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 22 Сен 2024, 13:30

Біздің дамып кеткенімізді де Ресей қаламайды

Саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын БОРБАСОВ "Жас Алашқа" сұхбат беріп, былай деген екен:

Читайте также
Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

- Ресейді қазір авторитарлы-тоталитарлық Қытай, Солтүстік Корея, Иран сынды елдер жақтап отыр. Бұларда демократия деген жоқтың-қасы. Түптеп келгенде, барлығы биліктің қолында. Біздің елге де осы жүйені өкінішке қарай, өзге елдер таңып жатады. Қазақстан да әлемде авторитарлық мемлекет саналады. Біз қанша дегенмен, екі алып державаның ортасында отырғандықтан, түрлі ойындар ойнауға мәжбүрміз. Өзіміздің тәуелсіздігімізді, ұлттық келбетімізді, тілімізді сақтауға тырысамыз. Осы ретте Украинаның дағдарысынан алатын сабақтарымыз өте көп. Басында Украинада топтасу болған жоқ. 2022 жылы ақпанда Путин "арнаулы операция жүргіземіз" деп жариялады. Орыс әскері бейбіт жатқан Украинаға басып кірді. Осы кезден бастап украин халқы топтаса бастады. Тіпті орыстілді украин азаматтарының өзі "тәуелсіз елімізді қалай Ресейге береміз" деп қарсы шықты.

Біздің дамып кеткенімізді Ресей де қаламайды. Олар неге Украинаға шабуыл жасады? Шабуылдың артында дүниетанымдық та себептері бар. Украина батысқа бет бұрып, либералдық экономика құратын болса, Балтық елдері сияқты алдағы 10-15 жылда үлкен қадам жасайды. Біріншіден, өмір сапасы, халықтың күнкөрісі жақсарады. Оларды бүкіл әлем аралайтын халыққа айналады. Шенген аймағына кіреді. НАТО-ға кіреді. Содан орыс басшылары қорықты. Украина батыс өркениетін қабылдайтын болса, біздің халыққа қандай үлгі көрсетеді деп қауіптенді. Ондай дамыған халық, саналы ел, демократия орыс билігіне керек пе? Демократияда 4-5 жылда президент ауысуы қажет. Парламент те ауысып тұруы керек. Билік сайланып, халыққа есеп беруі керек. Бюджеттің әр тиыны саналуы қажет. Онда билік жей алмайды ғой. Путинизм олигархияның билігі. Мұнда халықтық капитализм емес, олигархиялық капитализм бар. Яғни вертикалды билікте кімдер соған кіреді, солар байлыққа ие болады. Солар билік жүргізеді. Ресейдің ондаған миллиардерлері бар. Байлығы сұмдық. Ал халқы ше? Ресей 2014 жылдан бері Украинадағы соғысқа 2 трлн-дай доллар шығынданды. Сол ақшаның 500 млрд доллары экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, білім мен денсаулықты жақсартуға, мектеп салуға, балабақшаны жақсартуға жетеді екен. Бірақ Ресей олай істеген жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Ресей билігі мүлде антихалықтық саясат жүргізіп отыр.

Читайте также
"Халық партиясы" төраға Ертісбаевтан құтыла алмай жүр

Өкінішке қарай, бізде де осындай тенденциялар бар. Ертісбаевтар "Ой, Ресей бізге ешуақытта шабуыл жасамайды. Біз Ресеймен доспыз, қаншама келісімшарттарымыз бар" деп айтады. Олар келісімшарттарыңа пысқырып та қарамайды. Ертісбаевтікі мүлдем қате. Сол сияқты ойлайтындар арамызда көп. Өткенде әлеуметтік желіде "қазақтар сендер енді ештеңе істей алмайсыңдар, кәріздерді, жолдарды, электр станцияларыңды жөндей алмайсыңдар, орыстардың бәрі кетіп жатыр, олар кетпесе, керемет дамыған мемлекетке айналар едік" деген сөзді естіп қалдым. Олар неге Ресейді барып дамытпайды. Путин барда Ресей ешқашан дамыған мемлекетке айналмайды. Бұл – "тупик". Фашизм қандай болса, путинизм де соған жақын дүние.

Дереккөз: "Жас Алаштың" сайты мен YouTube-тегі каналы.

Фото: zhasalash.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Казахстан предложил разместить у себя штаб-квартиру Банка развития ШОС
На встрече в Душанбе также обсуждались расчёты в нацвалютах, транспортные коридоры и ИИ
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай