Жақында сайлау өтейін деп тұрған сияқты

1977 просмотров
0
Байдильдинов. Нефть
Воскресенье, 24 Ноя 2024, 12:00

Президент әкімшілігі наразылықтың күшеюі мүмкін екенін ескеріп, алаңдап отыр

Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасын бекіту туралы" бұйрықтың жобасын жариялады.

Читайте также
Алматы облысында ауыл батпаққа батып жатыр

Сұйытылған газдың көтерме бағасының қазіргі шекті деңгейі биылғы жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін белгіленген болатын. Жаңа бұйрықтың жобасы оны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін ұзартуды көздейді.

Бұған дейін энергетика министрі, үкімет мүшелері және осы жазбаның авторы қолданыстағы бағалардың шығынды екенін бірнеше рет айтқан болатын. Оның үстіне министрлік бағаларды біртіндеп көтеру қажеттілігін мәлімдеген еді.

Енді не боп қалды? Бағалар шығынсыз бола бастады ма? Жоқ.

Керісінше, теңге бағамының төмендеуіне байланысты бұл алшақтық одан сайын өсті, өйткені Қазақстандағы кез келген тауар мен қызметтің өзіндік құнында доллар бағамына тәуелді шығындардың үлесі бар.

Демек, бұл тапсырма Энергетика министрлігіне Президент әкімшілігінен түскен болуы мүмкін, өйткені үкімет те бағаны теңестіру қажеттілігін түсінеді.

Ендеше мұны екі себеппен түсіндіруге болады:

  1. Батыс Қазақстанда болып жатқан ереуілдер. Президент әкімшілігі наразылар қатарының күрт көбейіп кетуіне алаңдайды, онысы орынды.
  2. Сайлауға дайындық. 2025 жылдың бірінші жартысында сайлау жоспарланып отырған болуы мүмкін, сондықтан осы кезең ішінде бағаны ұстап, оның өсуін тоқтата тұру керек.

Алайда қазіргі әрекеттер сұйытылған газ тапшылығы мәселесін шешпейді. Автогаз құю станцияларындағы (АГҚС) кезектер әлі де көбейе береді.

Дереккөз: Сарапшы Олжас Байділдиновтің Telegram-каналы t.me/baidildinovoil. Автордың рұқсатымен жарияланып отыр.

Фото: AFP.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Как в Казахстане искусственный интеллект «выбивает» налоги для бюджета
Без прозрачности госзакупок и госаудита цифровой пузырь может лопнуть
Индрик-зверь: Что известно о монстре, затмившем динозавров на территории Казахстана
Занимательная история от Андрея Михайлова
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
«Qustar»: цитаты и смыслы Нургисы Тлендиева
Как канадский музыкант переосмыслил наследие казахского композитора
«Кто» и «что» разгоняет инфляцию?
Рост тарифов на свет, воду и отопление стал главным драйвером подорожания в Казахстане
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента