Қазақстан өкілі алғаш рет БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою комитетіне сайланды

1245 просмотров
0
Ратель
Суббота, 08 Июн 2024, 12:00

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан – гендерлік теңдік саласындағы прогресс бойынша көшбасшы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 23-ші кеңесі шеңберінде БҰҰ штаб-пәтерінде 2025-2028 жылдар кезеңіне Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитет (CEDAW) мүшелерін сайлау өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

Алғаш рет Қазақстаннан кандидат – белгілі қазақстандық дипломат Мадина ЖАРБУСЫНОВА CEDAW құрамына сайланды. Бұл маңызды тарихи оқиға, өйткені бұған дейін БҰҰ-ның осы маңызды органында Орталық Азия елдерінің ешқайсысы ұсынылмаған.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан – гендерлік теңдік саласындағы прогресс бойынша көшбасшы. Қазақстан 146 ел арасындағы гендерлік теңдікті бағалау үшін әзірленген 2023 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 62-ші орынға ие болып, позициясын жақсарды және 18 орынға көтерілді.

Қазақстанмен қатар CEDAW-да 11 орынға 20 мемлекеттің өкілдері үміткер болды – Оман, Швейцария, Ливан, Нидерланд, Гватемала, Андорра, Аустралия, Непал, Грузия, Чили, Барбадос, ҚХР, Зимбабве, Бурунди, Камерун, Мозамбик, Солтүстік Македония, Уругвай, Ұлыбритания және Того.

Анықтама: Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі Комитет (CEDAW) – Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындауын бақылайтын тәуелсіз сарапшылардың органы. Комитет құрамына әлемнің түрлі елдерінен келген әйелдер құқықтары жөніндегі 23 сарапшы кіреді. Шартқа қатысушы елдер төрт жылда бір рет Комитетке тиісті құқықтардың жүзеге асырылуы туралы баяндамалар ұсынуға міндетті. Комитет өз сессиялары кезінде әрбір қатысушы мемлекеттің баяндамаларын қарайды және оларға өз ойлары мен ұсынымдарын қорытынды ескертулер түрінде баяндайды. Қазақстан осы халықаралық құжатқа 1998 жылы қосылды.

Фото: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Работы по очистке около 110 км русел рек проводятся в рамках подготовки к весенним паводкам