"Starlink" жобасы: Жамбыл облысында 53 мектептің интернет жылдамдығы артады

1109 просмотров
0
Ратель
Суббота, 17 Авг 2024, 13:30

Айта кетейік, аймақтағы мемлекеттік мектептердің барлығы интернет желісімен қамтылған

Жамбыл облысында "Білім берудегі цифрлық инновациялар" тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Басқосуда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 53 мектептің "Starlink" технологиясына қосылғанын хабарлады. Елімізде бастау алған бұл жоба интернет жылдамдығын көтеруге ықпал етеді, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Айта кетейік, аймақтағы мемлекеттік мектептердің барлығы интернет желісімен қамтылған.

Читайте также
“Мектепке мұғалім болып кіру үшін 2 млн теңге сұрайды”

Интернет жылдамдығы (20 мегабит/сек) жоғары мектептердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 97,4 пайызға артты (2023 ж. – 63%).

- Алдымызда 12 мектепті кемінде 20 мегабит/сек жылдамдықтағы интернетке қосу міндеті тұр. Бұл мәселені білім және цифрлық технологиялар басқармасы бірлесіп шешуі қажет, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев білім басқармасына мектептердегі компьютерлерді жаңартып, істен шыққан техникаларды есептен шығаруды, Тараз қаласы мен аудан орталығында орналасқан білім беру ұяларына бірегей ID карта аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізуді тапсырды.

Өңір басшысы кеңесте білім беру саласын цифрландырудың маңыздылығына тоқталып, бұл – сапалы білім берудің тетігі екенін атап өтті.

- Білім беру саласындағы цифрландыру жас ұрпақты жан-жақты біліммен қарулануға және түрлі ақпараттарға талдау жасауға көмектеседі, ресурстарға жол ашады, заманауи технология мен оқу әдістемесін бірегейлендіруге мүмкіндік береді.

Білім беру ісіндегі цифрландыру – дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, білімі терең, ойы озық ұрпақ тәрбиелейтін әрбір педагогке үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп атап өтті аймақ басшы.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд