Қайтыс болған кісіні қазір кредитке жерлеуге болады

2504 просмотров
0
Ратель
Вторник, 14 Янв 2025, 14:00

Қазақстанда адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне қанша кетеді?

Адам өмірден өткеннен кейін жерлеу рәсімі дініне сәйкес өткізіледі. Алайда бұл оңай шаруа емес, өйткені бүгінде адамды ақтық сапарға шығарып салу айтарлықтай қаржыны талап етеді. Massaget.kz тілшісі қайтыс болған адамды жерлеуге қанша ақша кететінін анықтап көріпті.

Қазақстанда осы қызмет түрін ұсынатын компания көп. Солардың ішінен біз Алматыдағы бірнеше компаниямен байланысқа шықтық.

Читайте также
Биыл студенттердің стипендиясы көбейеді

Жерлеу рәсімін ұйымдастыру қанша?

Мегаполистегі компанияның бірінде мұсылмандарға арналған бөлім бар. Онда жерлеуге байланысты тауарлар мен ұсынылатын қызмет түрі көрсетілген. Мәселен:

  • Кебіннің бір метрі - 500 теңге;
  • Марқұмның денесін қабірге дейін салып апаруға табыт - 5 мың теңге (бір тәулікке жалға);
  • Денені жуындыру - 25 мың теңге;
  • Мұсылман тақтасы - 8 мың теңге;
  • Қабір қазу - 50 мың теңгеден басталады;
  • Мәйітті тасымалдау - 10 мың теңгеден басталады;
  • Мазар тақтасы - 15 мың теңгеден басталады.

Бұдан бөлек, компания христиандар мен корейлерге қызмет ұсынады.

Жерлеу рәсімін толық ұйымдастыру

Алматыда адамды ақтық сапарға шығарып салуды ұйымдастыруды толық жауапкершілігіне алатын компаниялар да бар. Оған денені екі рет жуындыру, 20 метр кебін, қарапайым кілем, денені тасымалдау кіреді, бағасы - 150 мың теңге. 

"Бағасы біз қайда жерлейтінімізге, не істейтінімізге, имам шақырып-шақырмайтынымызға, қоршаудың болып-болмауына, денені қандай көлікпен таситынымызға байланысты. Бағасы 100 мың теңге болуы мүмкін, мұның бәрі сіздің қалауыңызға байланысты өзгеріп отырады", - деді компания өкілі.

Читайте также
Ас беруде артық кетіп жүрміз

Құжаттарды рәсімдеу қанша тұрады?

Осы саладағы компаниялар қайтыс болған адамның құжаттарын рәсімдеу жұмыстарымен де айналысады екен. Бұл қызмет құны 10 мың теңгеден басталады.

Тасымалдау құны қанша?

Денені мәйітханаға, үйге және қоштасу рәсіміне тасымалдау құны 20 мың теңгеден басталады екен. Енді бір компанияда 15 мың теңге көлемінде белгіленген. Бұл орайда компаниялар білікті мамандар мен арнайы көліктер пайдаланылатынын алға тартады. Енді бір компанияда баға 45 мың теңгеден басталады. 

Сондай-ақ адам туған жерінен шалғайда қайтыс болса, компаниялар тасымалдауды өз мойнына ала алады. Бұл қызмет құны 150 мың теңгеден басталады.

Жерлеудің қандай түрлері бар?

Қазір қайтыс болған адамды жерлеу қызметіне де несие қосылыпты. Яғни қайтыс болған адамның жақындарында қандай да бір қаржылық мәселе туындаса, банк арқылы несиеге жерлеу ұсынылады екен.

Одан бөлек, ыңғайлы жерлеу рәсімі және элиталы жерлеу рәсімі де бар екен. Алғашқысы 90 мың теңгеден басталса, элиталы жерлеу рәсімі 500 мың теңгеден басталады.

Фото: kstnews.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
В Германии начинается суд по делу о подрыве «Северных потоков»: кто обвиняется и что известно о диверсии
Спустя четыре года после взрывов в Балтийском море перед немецким судом предстанет предполагаемый руководитель диверсионной группы
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай