Алакөлге баратын жол ақылы болады

1327 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 26 Авг 2024, 14:00

Үшаралдан Достыққа дейінгі аралықта автобустар мен жүк көліктері тегін жүре алмайды

Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық автомобиль жолын ақылы негізде ортақ пайдалану туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады kolesa.kz.

Читайте также
Алматыда 1 қыркүйектен бастап су мен кәріз бағасы өседі

Құжатқа сәйкес трассаның 180 шақырымында мына көлік түрлерінен ақша сұралады:

  • орын саны 16-дан аспайтын автобус пен жүк көтергіштігі 2.5 тоннаға дейінгі жүк көлігі – 1240 теңге;
  • орын саны 32-ден аспайтын автобус пен жүк көтергіштігі 5.5 тоннаға дейінгі жүк көлігі – 2500 теңге;
  • орын саны 32-ден артық автобус пен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көлігі – 3740 теңге;
  • 10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көлігі – 5010 теңге;
  • тіркемесі барын қоса алғанда, 15 тоннадан артық жүк көтеретін жүк көлігі, ершікті тартқыш – 6250 теңге.

Жеңіл машиналар тегін жүреді.

Ал жолға іргелес жатқан елді мекен тұрғындары 3692-18 460 теңге төлеп ай сайынғы, 44 304-221 520 теңгеге жылдық абонемент ала алады.

Фото: "ҚазАвтоЖол".

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.