Алматы облысында ауыл батпаққа батып жатыр

1492 просмотров
0
Ратель
Пятница, 22 Ноя 2024, 13:00

Бұрын Іле ауданына қараған еді, енді Алатауға қосылған

Алматы қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Қоянқұс-2 ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері батпақ құрсауында отыр. Жыл сайын күз бен көктем түскенде халық әбігерге түседі. Өйткені ауыл маңында адам қатынауға лайық жолдар салынбаған. Оған қоса, елді мекеннің әкімшілік статусы да әлі күнге дейін реттелмеген. Бұрынғы саяжайдағы үйлер мен тұрғындарды есепке алу мәселесі шешімін таппай отыр. Massaget.kz тілшісі елді мекендегі ахуалды көзімен көріп қайтыпты.

"Балабақшаға бара алмаймыз, дүкенге де бара алмаймыз. Көрдіңіз ғой, әрең келе жатырмын екі баламен. Талай рет құладық. Аяқ, бәрі быт-шыт, жол жаман", - деді ауыл тұрғыны Тоғжан СӘДЕНОВА.

Полиэтилен пакет пен галош – Қоянқұс-2 ауылының тұрғындары арасында сұранысқа ие болған дүниелер. Арзан емес. Өйткені жылдар бойы жол мәселесі шешілмей келе жатқандықтан, елді мекенде өзекті тауарға айналған. Оны ауылдың үлкені мен кішісі де киеді.

"Балалар жүре алмайды, көлік жүре алмайды, әйтеуір аяғымыз батып, өте алмаймыз. Өзен болып кетеді", - дейді ауыл тұрғыны Ирина ЯРОВАЯ.

Ауыл тұрғыны Әміржан ИЛЬХАНОВТЫҢ айтуынша, мектепке қатынауға жол жоқ, балалар айналып барады.

"Не тротуар жоқ, аяғына пакет киеді. Осындай батпақта көктемде, күзде мектепке барады. Батпақ-батпақ болып... Халықтың мәселесі – осы, жолды дұрыстап, қоғамдық көлік жүріп тұрса, халықтың жағдайын шешсе", - дейді ол.

Бұл жерге жедел жәрдем де келеді, бірақ ауыл шетінен үйге жетуі бір әбігер. Тұрғындар дәрігерлерді таксимен жеткізеді екен.

"Жедел жәрдем шақырсақ, бізге бір сағат дегенде әрең келеді ғой. Ойлаңыз, бір сағатта ауырып тұрған адам не боларын?! Енеме шақырдым, міне, балаға шақырдым", - дейді ауыл тұрғыны Ләйла ЕРЕЖЕПОВА.

Шақырудан мезі болған халық енді өрт сияқты төтенше жағдай болмасын деп тілеп отыр. Өйткені батпақтан құтқарушылардың өзін құтқаруға тура келеді. Шын мәнінде құтқаруға зәру болып отырған жергілікті халық. Жолдары сияқты елді мекеннің мәртебесі тайғақ, қайта-қайта ауысады. Бұрын Іле ауданына қараған еді, енді Алатауға қосылған. Қалаға қарыс жерде орналасқанмен, өркениеттен ада.

"Біз қазір ауада тұрмыз. Бұл жер – баубақша болған саяжай, одан кейін мына Іле ауданына қарадық. Әкімдікке бардық, "сендер баубақшасыңдар, әкімдікке қарамайсыңдар, саяжайсыңдар, біз ешқандай көмек бере алмаймыз" дейді. Біз жылда өзіміз халық болып, қалтамыздан ақша шығарып, жол төсейміз. Енді, міне, Алатау қаласына кірді деп жатыр, әкімдіктен "әлі қосылған жоқсыңдар" дейді. Әлі біз саяжаймыз, ешқандай ауыл статусы, Алатауға кірді деген сөз ғана. Бізде ешқандай не жоқ. Ешқандай өркениетті көре алмадық, ауыл көшелеріне назар салып қараңыз. Мектепке баратын да, қалаға қатынайтын жолдың сыйқы – осы. "Заманына қарай адамы" деуші еді, мұнда тұрғындардың көшесіне қарай киімі де икемделген", - дейді ауыл тұрғыны Әсем ДАРАҚҰЛОВА.

"Тар жол тайғақ кешу", дәл осы Қоянқұс халқына қаратып айтылғандай. Өйткені жылда жауыр болған жұрттың жанайқайы биыл да шешімін таппады дейді ел. Ал ескі жолға әкімнің су жаңа көлігі келе алмауда деп келемеждеуде көпшілік. Ал біз келдік, өйткені онсызда үмітінен үрей басым болып отырған халыққа бара алмаймыз деп қалай айтамыз?! Ал дәл қазір көпшілік жергілікті атқарушы билік өкілін ортаға алып, мәселені тізбектеп жатыр.

Келген өкіл жолдарға жауапты басшы емес, ішкі саясат бөлімінің өкілі болып шықты. Редакция өкілдері жүргеніне реакциясы мықты – оқиға орнына ол да жетті. Әрең дегенде...

"Мына жақта бір 500 метр жол бар, арғы жақта да 1 шақырым жол бар. Міне, сіз көлігіңізді арғы жақта қалдырып кеттіңіз. Арғы жақтың жолын көрдіңіз өзіңіз, ең құрығанда соны тегістеп, шұңқырды жауып берсеңіздер", - дейді тұрғындар.

Жауып беру оңай емес, әзірге шенеунік тек жауап бере алады. Оның сөзіне қарағанда, оның жағдайы халықтың жағдайынан да қиын – бұл жұмыстың жыры көп.

"Сондықтан бұны екі-үш айда болмаса, бір күнде керек екен деп істеу мүмкін емес шаруа. Өйткені заңнамада тиісті нормалар бар. Алатау қаласы мәслихатының алғашқы сессиясы өткізіліп, осы жұмыстарды жоспарлап, ақау актілерін жасауға, сол секілді жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тиісті қаражаттар бөлініп, қазіргі таңда есептеу сияқты мәселелер атқарылып жатыр", - дейді Алатау қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ардагер АҚЖІГІТОВ.

Сияқты емес, нақты жауап күткен халық ақ жағалының жауабына қанағаттанбады. Олардың қалағаны жолаушылар жолы және автомобильдер бөлімнің басшысы еді. Өйткені әуренің түйінін шешетін уақыт жетті.

"Қоянқұс 2-ге баратын, жол бойынша түсіндіріп өтсем, біз ол жақта болдық, халықпен де кездестік. Саяжайдың төрағасы Нақыпбек деген кісімен де сөйлестік. Жолаушылар жолы және автомобильдер бөлімінің басшысынан ол жерге жол түсіре алмайтыным - ол жерде төсеме жол бойынша үш жер тұр. Мен заң бойынша жекеменшік жерге мемлекеттің ақшасын салып, жол сала алмаймын. Ол жерде өнеркәсіптік база мен үш учаске тұр. Қазіргі уақытта осы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір архитекторға тапсырма берілді. Ол схема бойынша жұмыс істеп жатыр", - дейді Алатау қаласы жолаушылар жолы және автомобильдер бөлімінің басшысы Дәурен БЕКЕТҰЛЫ.

"Көшенің атауын беру, үйлердің нөмірлерін шығару, кадастрлық нөмірлерін беру секілді жұмыстар. Өйткені бюджеттің қаражатын мына жерге салу үшін, мына көшенің атауы болуы керек. Алдағы бес жылдық жоспарда ма, үш жылдықта ма, кезең-кезеңімен бюджеттің мүмкіндігіне сәйкес жасалады. Өйткені тастөбеден жауып тұрған қаражат жоқ бізде, ағайындар", - дейді Алатау қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ардагер Ақжігітов. 

Есесіне, бізде тастөбеден түсіріп тұрған дрон болған еді. Байқасаңыз, ауыл етегі кеңейіп, жаңадан үйлер салынып жатыр.

Тілшілерге заты да, аты да жоқ көшенің жас тұрғыны мұңын шақты.

"Осы жақта тұрып жатқаныма біраз уақыт болды. Үнемі болатын проблема сол күзде, көктемде болады. Әсіресе жаңбыр жауғанда. Балшық болады, тайып құлап жатқан кездер болады. Менде өткен жылы көктемде ана жолмен жүріп, аяғым тайып құлап, қолымды шығарып алдым", - дейді 9-сынып оқушысы Сания ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ.

Тағы бір азамат айта-айта шаршаған болса керек, өзі тас төсеуге кірісіпті. Жолды күтсем, жұмысым тоқтап қалады деп шамданды ауыл азаматы.

Фото: Massaget.kz / Нұржан Рысбеков.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Как в Казахстане искусственный интеллект «выбивает» налоги для бюджета
Без прозрачности госзакупок и госаудита цифровой пузырь может лопнуть
Индрик-зверь: Что известно о монстре, затмившем динозавров на территории Казахстана
Занимательная история от Андрея Михайлова
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
У кого пульт с кнопкой: цифровой тенге – благо или тотальный контроль?
Сможет ли государство обеспечить неприкосновенность критических данных
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента