Алматыда бірнеше "құл базар" бар

2933 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 04 Ноя 2024, 14:00

Онда көбінесе құрылыс, жүк тасу, жөндеу жұмыстарын ұсынушылар тұрады

Алматыдағы "Құл базар" туралы ақпарат қаланың еңбек нарығындағы өзіндік құбылысты сипаттайды. "Құл базары" – бұл бейресми еңбек нарығы, онда жалдамалы жұмыс іздеушілер жиналып, жұмыс берушілерге өз қызметтерін ұсынады. Ондағы тыныс-тіршілікпен Massaget.kz тілшісі танысып қайтқан екен.

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Әдетте, мұндай базарлар Алматының белгілі аудандарында, ауыр жұмысқа немесе уақытша еңбекке сұраныс жоғары мезгілдерде жұмысшылар көп жиналады.

"Құл базарының" тарихы 90-жылдардағы экономикалық қиындықтар кезеңінен басталады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін көптеген адамдар жұмыссыз қалды, ал нарықтық экономика әлі толық қалыптаспады. Осы кезде Алматының түрлі бөліктерінде күнделікті табыс табуды көздеген жұмыссыздар жиналып, еңбек нарығының осындай бейресми түрі пайда болды. Бүгінгі күнде бұл орындар әлі де бар және көбінесе құрылыс, жүк тасу, жөндеу жұмыстарын ұсынушыларды жиі кездестіруге болады.

Қалада бірнеше осындай орын бар. Олардың қатарында "Барахолка", "Сайран", "Орбита", "Алтын Орда" базары бар. Біздің жолымыз "Алтын Орда" базарына түсті.

"Алтын Орда" базары маңында күнделікті жиналатын жұмысшылар ортасы – қала тұрғындарының өз күнкөрісін қамтамасыз ететін еңбек аймағы. Бұл жерде әр таң сайын 30-50 адам, көбіне жұмыссыздар, қарапайым азаматтар мен зейнеткерлер, әйелдер мен ерлер күнделікті табыс табуға жиналады. Олар таңғы 8-де жинала бастайды, кейбіреуі өзімен бірге жұмысқа қажетті құрал-саймандарын, арнайы киімдерін де ала келеді.

Ауа райының суытқанына қарамастан, мұндағы адамдар белсенді түрде жұмыс іздеп, көліктерді қоршай бастайды. Біз барған уақытта алғашқы көлік келіп, жұмыс ұсынды. Жұмыс беруші құрылыс материалдарын тасу қажет екенін айтып, екі-үш адамға жұмыс барын, 3-4 сағаттық жұмыс үшін әрбір жұмысшыға 8 мың теңге төленетінін мәлімдеді. Кейбір жұмысшылар бұл ұсыныспен келісіп, көлікке мініп жатты.

Бізбен сөйлескен кейіпкердің айтуынша, мұндағы жұмыстың қиыншылығына қарамастан, табыс салыстырмалы түрде жақсы.

- Мемлекет ұсынған жұмыстың айлығы 80-150 мың теңге. Бұл ақша жалдап отырған пәтеріме әзер жетеді. Қайта мұнда келіп, күн сайын жұмыс істесем, айына 300 мың теңгеге дейін табыс таба аламын. Әрине, ауыр, оңай жұмыс емес, бірақ басқа амал жоқ. Балаларымды асырап, анамды қолдап отырған соң, қайда барсаң да, тек өзіңе сенім артуға тура келеді, - дейді.

Кейіпкеріміз Өзбекстаннан көшіп келгенін де айтты. Басты арманы – отбасын лайықты тұрмыс жағдайымен қамтамасыз ету.

- Әкем ерте қайтыс болды, анам да қартайып келеді. Еңбекпен тапқан әр теңгенің қадірі зор. Бірақ әрине, тұрақты, лайықты жалақы болса, мұнда шығудың қажеті де болмас еді, - деп ағынан жарылды.

Фото: Massaget.kz / Нұрбол Ынтымақұлы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд