Арнайы визасыз қажылық жасау күнә – ҚМДБ

1373 просмотров
0
Ратель
Пятница, 03 Мая 2024, 13:00

16 туроператор мен 19 турагент Сауд Арабиясының талаптарын толығымен орындады

Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрлігі 26 сәуірде арнайы мәлімдеме жасап, қажылық тек қажылық визасымен орындалатынын түсіндірді.

Қажылық визасын Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі тиісті талаптар мен рәсімдерге сәйкес дін саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе әр елдің ресми исламдық діни мекемелеріне (муфтиятына) береді. Сонымен бірге үндеуде қажылық парызын өтеуге ниет білдірген азаматтарға абай болуға және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметтерін жарнамалайтын және қажылықты ұйымдастыруға заңды құқығы жоқ компаниялардың қызметтерін пайдаланбауға кеңес берілгені айтылған.

Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Ел билігі умра, туристік, жұмыс, отбасылық, транзиттік және басқа да виза түрлері қажылыққа құқық бермейтінін баса айтты.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және умра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылғы қажылықты ұйымдастыруға өтініш білдірген туроператорлар арасында бұған дейін байқау жариялаған, дейді ҚМДБ.

Осылайша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ашық байқаудан өткен 16 қазақстандық туроператорға 2024 жылғы қажылық маусымында қандастарымызға тиісті қызмет көрсетуге ресми рұқсат берді.

2024 жылғы қажылық маусымында осы туроператорлармен субагенттік келісім жасасқан 16 туроператор мен 19 турагент Сауд Арабиясының талаптарын толығымен орындады. Қазақстаннан қажылардың уақытында төлеген қаржысы бойынша қажылыққа 5 081 орын бөлінді. Биыл қажылық парызын өтеуге ниет білдірген адамдар тек аталған туроператорлар мен турагенттерге қажылыққа тапсырыс бере алатынын еске саламыз. Қажылыққа тіркелу әлі жалғасып жатыр.

Фото: © "Татар-информ".

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана