Астанаға ағылған көш қалай реттелуі керек

1686 просмотров
0
Ратель
Среда, 04 Дек 2024, 12:00

Ағылған көшті бәсеңдетудің амалы – ауылдардағы өмір сапасын арттыру

Сеул, Сингапур секілді алып мегаполистер урбанизацияны реттеуде көшіп келушілер санын шектеу тәсілін қолданбаған. Бұл туралы “Жаңа бастамалар альянсы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сабыржан СЕЙТЖАНОВ айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

“Еңбек ресурстарын дамыту” АҚ сарапшыларының айтуынша, 2050 жылы Астана халқының саны 3,5 млн адамға жетеді. Сондай-ақ, сарапшылар қаланың демографиялық даму сценарийін де жасап шықты. Бұл болжамның ерекшелігі сол, ол қазірдің өзінде 25 жылдан кейін бас қалада тұратын мигранттар мен олардан тараған ұрпақтың үлесін көрсетіп бере алады. Осы болжамға сенсек, 2050 жылы елорда тұрғындарының 47 пайызын көшіп келушілер құрайтын болады”, - деді Сабыржан Жарылқағанұлы. 

Спикердің айтуынша, үлкен қалаларға ағылған көшті бәсеңдетудің амалы – ауылдардағы өмір сапасын арттыру.

“Көші-қонның Астана өміріне тигізетін әсерінің басқа да аспектілеріне мән беру керек. Spik.kz сараптамалық порталының дерегінше, Астананың сумен қамту жүйесі тек 1 млн-нан астам адамға есептелген. Ал іс жүзінде қазіргі күні қалада 1,5 млн-нан астам адам тұрып жатыр. Қазақстандық демографтар, саясаткерлер, әлеуметтанушылар, экономистер бұл мәселенің шешімі – ауылды көркейту деп санайды. Яғни, ауылдағы өмір жақсарса, қалаға ағылған көш саябырсиды”, - деді ол ”Астана және көші-қон: даму және тұрақтылық векторы” атты қоғамдық тыңдауда.

Читайте также
Мас күйде көлік жүргізген полицияның полковнигі ұсталды

Сабыржан Сейтжанов халықаралық тәжірибені де зерделеу маңызы екенін айтты.

“Сингапурды алайық, ресурстарды тиімді басқару арқылы урбанизацияға төтеп бере алды. Сеул қаласында да 60-80-ші жылдары халық саны 2,5 млн-нан 8,3 млн адамға өсіп, қала инфрақұрылымына жүктеме артқан. Билік сол кезде көлік қатынасы жүйесін жетілдірді, оның ішіне метроның айналма желісі де кіреді. Сумен қамту жүйесін жаңғыртты. Қолжетімді баспаналар салды. Бұл жаңа тұрғындардың қала өмірімен интеграциясын жеңілдетті және қаланы дамытты. Бір атап өтерлігі, бұл қалаларда қалаға көшіп келуді шектеу тәсілі қолданылмады”, - деді ол.

Сөз соңында спикер көші-қон табиғи үдеріс қана емес, әр адамның конституциялық құқығы екенін атап өтті. 

“Қайда тұрғанына, қайта туғанына қарамастан азаматтар ел ішінде емін-еркін көшіп-қона алады. Бұл тұрғыда олар өздерін қоғамның бөлшегі ретінде сезінуі үшін тез сіңісіп кетуіне жәрдемдесуіміз керек. Ал инфрақұрылымға жүктеменің артуы жүйелі түрде шешілуі керек. Ешбір жағдайда мигранттар кемсітушілікке ұшырамауы тиіс”, - деді “Жаңа бастамалар алянсы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.

Фото: “Жаңа бастамалар алянсы” қоғамдық бірлестігі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай