Астананың мәдениетін басқарған Болат Мажағұлов ұсталды

1831 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 08 Сен 2024, 14:30

Іс бойынша басқа да күдіктілер бар

Ол 2016 жылы "Күн" субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құрылысты мәдениет басқармасы мемлекеттік сатып алуларсыз іске асырған. Бұның барлығы тексеру барысында анықталып отыр. Белгілі болғандай, жоба салық төлеушілердің миллиард теңгеден астам қаржысына салынған, субұрқақтың жобалау-сметалық құжаттамасы жоқ және ол мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Тексеріс нәтижесінде анықталғандай субұрқақ сапасыз материалдардан жасалған, сондықтан ол тез істен шыққан.

Читайте также
Студенттерді сыйғызу үшін Алматыда штаб пен дағдарыс орталығы құрылды

Тергеу жүргізіп жатқан ҚМА мәліметтері бойынша, сол кездегі Астана мәдениет басқармасы бастығының бұған тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат МАЖАҒҰЛОВТЫҢ 3 коммерциялық үй-жайына, 2 паркингке және премиум-класс үйіндегі пәтеріне шектеу қойылған.

Іс бойынша басқа да күдіктілер бар – бұл субұрқақ салған мердігер компаниялардың өкілдері. Барлығы олардан 500 миллион теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.

2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, "Ұлан" ұлттық гвардиясында, Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеген.

Кейін Бейбітшілік және келісім сарайын, Астана қаласы Мәдениет басқармасын, Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасын, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармаларын басқарған.

Фото: primeminister.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента