“Ата жолы” картасын қанша қандас алды

1179 просмотров
0
Ратель
Четверг, 04 Апр 2024, 14:00

Өткен жылдан бастап этникалық қазақтарға карта беретін платформа іске қосылған

Migration.enbek.kz порталы аясында жоғары білікті сұранысқа ие шетелдік мамандарды тарту үшін модуль жасалып жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара ДҮЙСЕНОВАНЫҢ жауабында айтылған.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап этникалық қазақтар үшін “Ата жолы” картасын беру бойынша отандық платформа іске қосылды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 44 шетелдік мекемесімен “Қандас” ААЖ мобильді қосымшасы арқылы автоматтандырылған режимде жүргізіледі. 2024 жылдың 20 наурызында 44 этникалық қазақ (барлығы отбасы мүшелерімен 110 адам) “Ата жолы” картасын алды: 23 адам (отбасы мүшелерімен 48) - сұранысқа ие мамандықтар бойынша, 21 адам (отбасы мүшелерімен 62) - бизнес-иммигрант ретінде”, - деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Читайте также
Герб өзгерген соң Қазақстанда теңге ауысуы мүмкін

Оның атап өтуінше, “сұранысқа ие мамандықтар” бойынша картаны алғандардың сапалық талдауына сәйкес, картаның 23 иегері арасында инженер-физик, инженер-математик, газ-мұнай құбырларын жобалау және пайдалану, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және есептеу техникасы, химиялық технологиялар, су асты инжинирингі, қолданбалы математика, ұшақ құрылысы, корпоративтік құқықтану мамандары, сондай-ақ жақ-бет хирургиясы дәрігерлері, педиатрлар және басқа да мамандар бар. Ал картаны бизнес-иммигрант ретінде алған 21 адамның ішінде мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, физика және информатика, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандары, дәрігерлер және шетелде жұмыс істейтін бизнесі бар кәсіпкерлер кездеседі.

“Сонымен қатар шетел азаматтары үшін көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы толық және егжей-тегжейлі ақпаратты қамтамасыз ету үшін “migration.enbek.kz” порталы әзірленді. Портал аясында жоғары білікті сұранысқа ие шетелдік мамандарды тарту үшін модуль жасалып жатыр”, - деді Тамара Дүйсенова.

Фото: gov.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай