Ақтөбеде мас полицей көлігімен ерлі-зайыпты жұпты қағып өлтірді

1359 просмотров
0
Ратель
Четверг, 25 Июл 2024, 15:00

Бұл істі енді облыс әкімі өз бақылауына алды

Қайғылы оқиға 23 шілдеде түнгі 00.50-де Ақжар ауылының жанындағы айналма жолда болды.

Біздің мәліметіміз бойынша, тойдан шыққан 34 жастағы полицей мас күйіне қарамастан өзінің KIA көлігінің тізгініне отырған. Мастығының кесірінен жолдың жиегінде велосипед теуіп келе жатқан 34 және 35 жастағы ерлі-зайыптыларды қағып кеткен.

Екеуі де қайтыс болды. Ал сасқан полицей оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ кейін есін жиып, полицияға өзі келіп, бүлдірген ісін мойындады.

Читайте также
Қазақстанның Ресейге қосылуын насихаттаған СҚО тұрғыны сотталып кетті

Бұл полицей Ақтөбе қаласындағы №4 ІІБ кезекшісі болып жұмыс істейді екен. Ақтөбе облысының әкімі Асхат ШАХАРОВ бұл істің тергелуін өз бақылауына алды.

- Бұл өте жаман жағдай, полицей деген халыққа үлгі болуы қой. Өкінішті болды. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады. Облыстық департамент бастығы қызметкерлерінің тәртібін қарауы тиіс деп ойлаймын. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамын, - деді әкім бұл оқиғаға жайында.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл жағдайды түсіндіріп, жол-көлік оқиғасы болған кезде полицейдің көлігінде облыстық полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкері болған деген қауесетті жоққа шығарды.

- Жол-көлік апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар қызметтерінен босатылды, - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Lada.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.