Атырау ауылдарында мал қырылып жатқан жоқ

2820 просмотров
0
Ратель
Четверг, 15 Июл 2021, 17:00

Тек екі-үш жерден ғана каналдың батпағына батып, болмаса, ауырып өлген малдың өлексесін кезіктіруге болады

"Исатай ауданындағы ауылдарда су іздеген малдар арам өліп жатыр" деген ақпаратты аудан әкімі жоққа шығарды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Читайте также
Биыл шетелден көшіп келген қанша қазақ "қандас" мәртебесін алды

"31" телеарнасы Исатай ауданындағы бірнеше ауылда канал суы тартылып, жылқы мен ірі қара арам қатып жатқанын хабарлаған болатын. Осыған орай, біз аталған аудан әкімі Полымбет Хасановқа арнайы хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырдық. Сөйтсек, ауданда канал және котловандағы су деңгейінің аздығы аңықталды, бірақ жаппай мал өлімі орын алмаған болып шықты. Демек, телеарна таратқан ақпарат та жалған деген сөз.

Аудан басшысының айтуынша, телеарна тілшісі Жанат Молдашева алдымен Facebook желісіне бір тұрғыннан келіп түскен фотосуреттерді жариялаған екен.

"Біз сол жазбаға комментарий жазу арқылы әлеуметтік желідегі суреттерді кімдер жібергенін және мал өлімі нақты қай жерде орын алғанын сұрадық, ешқандай жауап болмады. Келесі күні дереу менің орынбасарым мамандармен бірге Нарын каналының бойын және Манаш котлованын көзбен көріп қайтты. Рас, асып-тасып жатқан су болмағанымен, бірақ мал суаруға жетерлік. Ал, жаппай қырылып жатқан мал дерегі тіркелген жоқ. Тек екі-үш жерден ғана каналдың батпағына батып, болмаса, ауырып өлген малдың өлексесін кезіктіруге болады. Егер су қазандығына көптеген мал келіп су ішетінін ескерсек, бұл да әдеттегі жағдай. Бұл туралы да телеарнаға толық түсінік бердік. Бірақ, эфирден басқаша ақпарат айтылды" деп түсіндірді Полымбет Максимұлы.

Сондай-ақ, аудан әкімі шешімін күткен мәселелер де бар екенін қосымша айтып өтті.

– Аудан аумағы шөлейтті, жері құнарсыз және сортаң болып келеді. Соңғы жылдары қар мен жауын-шашын аз мөлшерде түсуде. Бірақ, биылғы көктемде жаңбыр мол жауып, жайылымдық жерге жақсы жағдай туды. Құм өңірінен басқа елдімекендер малы Каспий теңізінің жағалауы мен Жайықтан бастау алатын аудан аумағындағы каналдардан су ішеді. Ондағы су деңгейі бірқалыпты. Әйтсе де, қайталап өтейін, Манаш котлованындағы су деңгейі төмендеу. Каналдарға ұзақ уақыт күрделі жөндеу жүргізілмеген, су өткізу деңгейі өте төмен. Солардың бірі – аудандағы ең ірі Нарын каналы. Ол "ҚазСушар" мекемесінің теңгерімінде. Бұл канал Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылынан басталып, Исатай ауданы аумағындағы төрт ауылдық округтен өтіп, Нарын ауылдық округіне дейін барады. Сондықтан, "бірнеше ауылдың малы қырылып жатыр" деген – ешқандай дәйексіз әңгіме, - дейді аудан басшысы.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай