
Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті
Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті.
"Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.
Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.
Фото: Атырау облыстық ТЖД.