Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 150 адамға жетті

2353 просмотров
0
Ратель
Пятница, 09 Июл 2021, 12:00

Алматыға жіберілген 43 сынаманың 18-нен "Дельта" штаммы анықталды

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі эпидемиологиялық ахуал мен вакциналау жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Атырау облысы бойынша Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов қаңтар – маусым айларында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 87 адам болса, шілдеде бұл көрсеткіш 150-ге жеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, осы айда коронавирус инфекциясы анықталғандардың 53 пайызы қатерлі дертті той-томалақ, еске алу іс-шаралары, сауда үйлері, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары мен түнгі клубтардан жұқтырған. Ал қалған 25,9% науқаспен  жақын қарым – қатынаста болғандар, 11,7% қоғамдық көліктерде шалдыққан.

Тұрғындар санитариялық сақтық шараларына немқұрайлы қарай бастаған. Бетперде тақпау мен әлеуметтік дистанцияны сақтамау да эпидемиологиялық ахуалға кері әсер етуде. "Аурудың өсуінің тағы бір себебі – жаңа штаммның таралуы. Алматыға жіберілген 43 сынаманың 18-нен "Дельта" штаммы анықталды. Оның жұғу деңгейі екі есе жоғары және онымен ауру барысы ауыр формада өтеді",- деді Мәдениет Танауов.

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығын қатаң ескерткен өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов әсіресе, денсаулық сақтау басқармасы басшылығына кез келген жағдайға дайын болу керектігін тапсырды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайсар Абдуалиевтің айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың өсуіне байланысты соңғы бір аптада Атырау қаласында резервтен 330 инфекциялық төсек орын іске қосылған. «Ауырғандар саны өсіп жатса №2 облыстық ауруханадағы 30 орындық ішек инфекциясы бөлімін басқа жерге ауыстырып, инфекциялық стационарға айналдырамыз. Облыстық аурухананың жаңа корпусынан 200 орын дайындап отырмыз, жағдай ушығып жатса оны түгелдей инфекциялық стационар қыламыз. Сондай-ақ, темір жол ауруханасынан да орындар дайындаймыз»,-деді Қ.Абдуалиев.

Читайте также
Әкімдер сайлауының алдындағы үгіт 14 шілдеде басталады

Ол сондай-ақ халықты вакциналау жұмыстарын да баяндады. Бүгінге дейін өңірге 141 200 доза вакцина  жеткізілген. 2021 жылдың 1-ші ақпаны мен 7-шілдесі аралығында екпе салдырған адамдар саны 104 722-ге жеткен.

Басым вакциналауға жататын контингенттер арасында ең жоғарғы көрсеткішті әскери бөлімдердің сарбаздарын қоса алғанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері көрсетіп отыр – 163%.

Ал, ең төменгі көрсеткіш созылмалы аурулары бар науқастар – 11%, студенттер – 11,4%, және педагогтар – 50% арасында байқалады.

Қайсар Абдуалиевтің сөзінше, халықтың вакцинамен қамтылуын арттыру үшін түрлі ынталандыру іс-шаралары қолға алынған.

Бұдан бөлек, өңір басшысы вакциналау жұмыстары бойынша аудандардың әкімдері мен оқу орындарының басшыларын да тыңдады.

Жиын соңында облыс әкімі тиісті салалар басшыларына өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, халықты жаппай вакциналау жұмыстарын күшейтуді, мониторингтік топтардың қызметі мен   ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жандандыруды жүктеді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен жоғары оқу орындарының басшылары және селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером