Қазақ фильмдері миллиардтаған касса жинады

1916 просмотров
0
Ратель
Четверг, 21 Ноя 2024, 14:00

Қазақ киносы жан-жақты дамып, сан алуан жанр пайда болып жатыр

2024 жыл отандық киноөндірушілер үшін табысты болмақ. Биыл прокатқа отандық 90 кино прокатқа шықты. Бұл туралы XVII “Еуразия” халықаралық кинофестивалінің ресми баспасөз конференциясы барысында актер, кинотанушы, “Еуразия” кинофестивалінің штаб жетекшісі Кәрім ҚАДЫРБАЕВ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстанда адамдар жұмысқа орналасқаны үшін сотталып жатыр

Спикердің сөзінше, 2024 жылы отандық кино рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді.

“Биыл қазақстандық 90 фильм ұлттық прокатқа шықты, бұл рекордтық көрсеткіш. Былтыр 60 кино болған. Бұл картиналар саны бір жарым есе өсті деген сөз. Кассадан түскен түсімдер айтарлықтай, осы жылы алты фильм миллиард теңгеден астам касса жинады. Соңғыларының бірі – Заманback фильмі. Біз жеке киноөндіріс компанияларында талантты, белсенді жастар бар екенін көріп отырмыз. Бұдан бөлек, веб-сериалдардың да саны артқан. Бұл керемет. Қазақ киносы жан-жақты дамып, сан алуан жанр пайда болып жатыр деп ойлаймын. Егер бұрын тек комедиялар басым болса, қазір кинотеатрларда көрермендерді жинайтын драмалар мен қорқынышты фильмдер шығып жатқанын көріп отырмыз”, - деді ол.

Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясы президентінің міндетін атқарушы директоры Айдар ОМАРОВ киножобаларды қаржыландырылуы туралы айтты.

“Біз кинопрокатқа жеке инвестициялардың басым екенін байқап отырмыз. Бұл киноиндустрияда оң динамика бар екенін көрсетеді. Кәсіпкерлер бұл салаға инвестиция салуға дайын, яғни киноиндустрия жұмыс істеп, дивиденд әкеліп жатыр”, - деп қосты Айдар Омаров.

Фото: pixabay.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд