Қазақстан 7 жылда 6 млн тонна мұнай өнімін сырттан сатып алған

1566 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 25 Ноя 2024, 14:00

Қзаақстан бензин, авиациялық отын, дизель отыны бойынша импортқа тәуелді

Мәжілісте мұнай-газ саласын дамыту саясатына арналған Үкімет сағаты өтті.

Саладағы өзекті проблемаларды депутат Еділ ЖАҢБЫРШИН баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Жақында сайлау өтейін деп тұрған сияқты

“Мұнай өңдеу қуатын ұлғайту және мұнай өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында үш мұнай өңдеу зауытын жөндеуге және жаңғыртуға 2 трлн теңге жұмсалды. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатын өңдеудің жыл сайынғы көлемі 18 млн тоннадан аспайды. Еліміздегі ішкі нарыққа қажетті мұнай өнімдерін жеткізуді тек отандық мұнай өндіру компаниялары қамтамасыз етіп отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, олардың мұнай өндіру көлемі азаюда. Сонымен қатар, бізде жыл сайын мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалады. Ол импорт есебінен жабылады. Мұнайдың үстінде отырған мемлекет үшін бұл нонсенс”, - деді депутат.

Оның сөзінше, Қазақстан бензин, авиациялық отын, дизель отыны бойынша импортқа тәуелді. 7 жыл ішінде елімізге 6 млн тоннадан астам мұнай өнімдері импортталған.

“Яғни, еліміздегі жанар-жағармай өнімдерінің дефицитін негізінен Ресей мемлекетінен импорттап отырмыз. Бұл мәселені шешетін уақыт келді. Осы ретте, жаңа ғана министрдің баяндамасында алдағы 8 жылда мұнай өндіруді 56 процентке көтеріп, 28 млн тоннаға жеткізу жоспары бар екенін естідік. Бірақ, бұл жоспардың уақытында орындалатынына күмәніміз бар”, - деді Еділ Жаңбыршин.

Фото: ҚазМұнайГаз.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана