Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

2347 просмотров
0
Ратель
Пятница, 01 Мая 2020, 11:20

Көктемнің соңғы айының басты жаңалығы он бірінші мамырда төтенше жағдай режимінің аяқталуы болмақ

Бірінші мамырдан қалалар арасында әуе рейстері ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы жанданады. Банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін алынатын комиссияны төмендетеді,  Sputnik Қазақстан деп хабарлайды.

Читайте также
Мемқызметші есепшотына келіп түскен сыйлық ақшаны не істеуі керек

Ұшақ қатынайды

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейсі іске қосылады.

Ал 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қаласына ұшуға болады.

Рейстерде санитарлық талаптар күшейтіледі. Ал әуе жолаушыларына бірқатар талап қойылады.

Ұшақ бортына коронавирус табылмағаны туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Сонымен қатар, олар міндетті түрде маска тағып және араға бір орындық қалдырып отыруы тиіс. Вирусқа тексерілгеннен кейін берілетін анықтама жеті күнге жарамды.

Анықтаманы жекеменшік және мемлекеттік зертханалардан алуға болады. Жекеменшік зертханаларда тест 19-20 мың теңге, ал мемлекеттік орталықтарда 11 500 теңге тұрады.

Шаштараз бен тіс емханалары ашылады

4 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде бірқатар нысанның жұмысы жанданады.

Читайте также
Парикмахерские, медцентры, обменники и многие другие объекты заработают через 5 дней

Олар:

  • аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік cатпайтын дүкендер (17:00-ге дейін ашық);
  • фотосалондар;
  • гүл сататын дүңгіршектер;
  • шаштараз (алдын ала жазылу бойынша);
  • медицина орталықтары (алдын ала жазылу бойынша);
  • тіс емханалары (алдын ала жазылу бойынша);
  • жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
  • шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, валюта айырбастау пунктері;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сонымен қатар, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

Ал ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар,  саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.

Читайте также
Шлагбауммен

Төтенше жағдай 11 мамырда аяқталуы мүмкін

Коронавирустың таралуына жол бермес үшін елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Алғашында режим 15 сәуірге дейін созылуы тиіс еді. Індет өршігендіктен, төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ал жуырда президент елдегі ахуалға байланысты режимді тағы да ұзарту туралы жарлық шығару жөнінде шешім қабылдағанын жариялады.

"Заңға сәйкес 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады. Әрине, эпидемия қайта өршіп кетпесе ғана режим тоқтайды. Ахуал күрделене қоймайды деп үміттенемін", - деді Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Осылайша мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылдың 11 мамыры 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылды.

ХҚКО жұмысы жанданады

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды.

Енді ХҚКО-да egov.kz порталында электронды форматта қолжетімсіз қызметтерді ғана алуға болады.

Астана мен үш облыстың тұрғындары ХҚКО-ға бару үшін 1414 нөмірі немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдын ала кезекке тұруы тиіс.

Читайте также
В Алматинской области один за другим на карантин закрываются поселки

Банктер комиссияны азайтады

1 мамырдан бастап банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін комиссияны төмендетеді.

Өзгерістер экономиканың әлеуметтік мәні бар жекелеген салаларын қамтиды: білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындарына, ақылы жолдарға ақы төлеу, ауыл шаруашылығы сервистері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер.

Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін 2 есе –  1%-ке дейін, ал фармацевтика сегментінде 1,3%-ке дейін төмендетеді.

Сауда комиссиясын төмендету бастамасын "Қазақстан Халық банкі",  "Kaspi Bank", "Forte Bank", "Сбербанк", "АТФБанк", "Банк ЦентрКредит", "Jysan Bank", "Еуразиялық банк" қолдады. Бұл банктер сауда (эквайрингтік) комиссиясын орташа алғанда 35%-ке, ағымдағы орташа мәннен, яғни 2,3%-тен транзакция сомасының 1,5%-не дейін төмендетеді.

Балаларға екпе салу қайта басталады

Нұр-Сұлтанда 11 мамырдан бастап бір жасқа дейінгі сәбилерге екпе салуды жалғастыру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2 сәуірден бастап бұл жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Екпені тек перзентханада ғана жасайды.

Дәрігерлер үйге барып екпе салмайды. Медициналық ұйымдар баланы емханаға алдырып, екпе егуді жоспарлап жатыр.

Читайте также
В Tengri Bank банк начали поступать средства от Punjab National Bank

ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш

ҰБТ-ға қатысатын түлектер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн өтініш тапсыруы керек.

Тіркеуден өткен кезде, заңды өкілдері 18 жасқа толмағандардың жеке мәліметтерін жинауға және өңдеуге келісім береді.

Әзірге ҰБТ мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Тестілеу форматы да өзгермейді, тек коронавирусқа байланысты қосымша санитарлық шектеулер енгізіледі. Тест тапсыратындар бір-бірінен алыс отырады. Жергілікті жерлерде барлық оқушының дене қызуы тексеріледі.

Сонымен қатар, биылғы тестілеуде 11-сыныпта 4-тоқсанда өткен бағдарлама сұрақтары болмайды.

Фото: Depositphotos.

Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Серик Буркитбаев: Вода - это суверенитет
Почему идея поворота сибирских рек опасна для Казахстана и какой водный сценарий эксперт считает стратегически верным
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером