Қазақстанда тағы бір облыста карантин күшейтілді

2614 просмотров
0
Ратель
Среда, 22 Июл 2020, 17:20

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде науқастарға арналған орындардың 71 проценті бос емес

Солтүстік Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейеді. Атап айтқанда, екі апта бойы жұма-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді, жазғы дәмханалар, саябақтар мен турбазалар жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Мүфтият Құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде науқастарға арналған орындардың 71 проценті бос емес. Ал бір аптаның ішінде инфекцияны жұқтыру көрсеткіші R>1.15 құрап отыр. 

"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 24 шілдедегі сағат 00.00-ден 27 шілдедегі сағат 00.00-ге дейін, сондай-ақ, 31 шілде-3 тамыздағы аралығында уақытша шектеу шараларын күшейту енгізілсін", - делінген бас санитардың қаулысында. 

Жеке көлікпен жүруге де шектеу бар

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көршілер, таныстар, туыстар мен әріптестерді қонаққа шақырмауға кеңес берілді. Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Облыста және елді мекендердің ішінде жаяу және жеке көлікпен жүруге шектеу енгізіліп отыр. Ол үшін нақты себептеп болуы керек. Олар:

  1. тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;
  2. азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу; 
  3. шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
  4. үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету.

Ал респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай, 103-ке хабарласып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Читайте также
Жұмыс беруші 42 500 теңге алуға өтініш беруден бас тартса қайда хабарласу керек

Жазғы дәмханалар, саябақтар мен дүкендер жабылады 

Бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес, екі апта бойынша жұма-жексенбі күндері бірқатар нысандар өз жұмысын тоқтатады. Олар:

  • жазғы алаңдары бар ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандары (тұтынушыға тауарларды жеткізу қызметі қала береді);
  • сауда нысандары;
  • сауда базарлары;
  • скверлер, саябақтар, жағалаулар, соның ішінде олардың аумағында орналасқан тамақ және сауда нүктелерінің қызметі;
  • туристік нысандар (демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.).

Ал тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сататын бөлшек сауда орындары, сондай-ақ, барлық азық-түлік тауарларының көтерме саудасын жүргізетін нысандар жұмыс істей береді. 

Автобус тоқтайды

Бас санитар саяжай бағыттарын қоса алғанда, елді мекендер шегінде қоғамдық көліктердің қозғалысын да тоқтатуды бұйырды. Ал такси қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар жолаушыларды тасымалдағанда нақты талаптарды сақтауы шарт. Олар: 

  • бір отбасының мүшелері болмаса, жолаушылардың саны жүргізушіні есептемегенде 2 адамнан аспауы тиіс;
  • жүргізушілер бетперделер мен қолғаптарды киюі шарт, ал жолаушылар көлікте бетпердемен отыруы қажет;
  • әр рейстен кейін жуғыш заттар мен дезинфекциялық заттарды қолдана отырып, көлікті міндетті түрде жуу керек;

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Ал ПИК-тер мен жай серіктестіктер пәтер иелерімен бірлесіп, балалар және спорт алаңдарын, үйлердің кіреберістерін дезинфекциялық өңдеуді жасауы тиіс. Кәсіпорын басшылары да өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирустық препараттармен дезинфекциялау арқылы жалпы тазарту жұмыстарын атқарып шығуға міндетті. 

Жаңа қаулы 2020 жылғы 24 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
США направили в Центральную Азию Марко Рубио и более 200 представителей бизнеса
В Самарканде 19 октября обсудят энергетику, инвестиции и стратегические ресурсы региона
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай