Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алады

2626 просмотров
0
Ратель
Среда, 29 Апр 2020, 11:00

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші айға арналған әлеуметтік төлем қазақстандықтардың есепшотына бірінші төлем түскен күннен кейін бір айдан соң түседі

Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің екінші айға қашан берілетіндігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Табысынан айырылған 4,2 млн адам 42 500 теңгеден жәрдемақы алды

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші айға арналған әлеуметтік төлем қазақстандықтардың есепшотына бірінші төлем түскен күннен кейін бір айдан соң түседі. Яғни, 42 500 теңге төлемді сәуір айының 11-де алған азаматтар мамыр айының бірінші онкүндігінде екінші төлемге қол жеткізеді" - деп түсіндірді Агенттік тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 731 мың, екінші айда - 520 мың.

Қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

– жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

Читайте также
Қазақстанда қай мамандықтар сұранысқа ие

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– ҚР Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға тағайындалады. 1 және 2-тармақшалар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты емес.

Фото: yandex.kz.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай