Қазақстанның Ресейге қосылуын насихаттаған СҚО тұрғыны сотталып кетті

1346 просмотров
0
Ратель
Четверг, 25 Июл 2024, 12:00

Әйелдің көпбалалы ана екенін ескере отырып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

СҚО Мамлют аудандық соты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау дерегі бойынша қылмыстық істі қарады, бұл қылмыс телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған.

Читайте также
Марат Бекетаевтың сотын да онлайн көрсету керек – адвокат

Айыпталушы – кәмелетке толмаған бес баланы бағып отырған 39 жастағы ауыл тұрғыны, бірақ TikTok-та тым көп отыратын кісі екен. Наурыз айында ол 24 мың жазылушысы бар жеке парақшасынан тікелей эфир бастаған.

Ол бұрын-соңды танымайтын бір еркекпен ер адаммен онлайн-әңгіме соғып, ақыры Қазақстанның жері кімдікі деген тақырыпты талқылауға дейін жеткен.

"Сұхбаттасушының сұрақтарына жауап бере отырып, ол Солтүстік Қазақстан аумағы, оның ішінде Петропавл қаласы тарихи тұрғыдан Ресейдің жері деген пікірін ашық мәлімдеді, - делінген іс материалдарында. - Өзінің осы сөзімен ол интернетте елдегі ұлтаралық қатынастарды бұзуға бағытталған, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін саяси және азаматтық сана-сезімнің мінез-құлығын насихаттады".

Бұл эфирдің жазбасы "Telegram" әлеуметтік желісіндегі "Alash ruhi" арнасында жарияланған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, сол күні түскі тамақ әзірлеп жүргенде телефонынан TikTok әлеуметтік желісіне кіріп, "Стрим" бөлімінде бейтаныс қолданушыдан батл ойнауға ұсыныс алғанын айтты.

- Ол Қазақстанның Ресейге қосылуы жөнінде референдум өткізілсе, қалай дауыс берер едіңіз деп сұрады, - деді Татьяна. - Мен Солтүстік Қазақстан бұрын орыс жері болған деп ойлап, Қазақстанның Ресейге қосылуына қарсы болмайтынымды айттым. Саясатқа қызықпаймын және сұхбаттасушының сұрақтарына неге солай жауап бергенімді өзім де түсінбеймін.

Әйел өзінің арандатуға ұшырағанын айтты. Дегенмен, кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді. Прокурор оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Айта кету керек, ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлімі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Читайте также
Ресейден Қазақстанға арақ импорты екі есеге өсті

Алайда сот бұл жолы төменгі шектен де төмен жаза қолдануды мүмкін деп санады.

"Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот жасалған әрекеттің ауыр қылмыстар санатына жататынын, қоғамға қауіптілік дәрежесін, жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуы мен жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауын, тұрғылықты жері бойынша жақсы сипатталатын, жасаған ісіне шын жүректен өкінген айыпталушының жеке басын ескерді, - делінген үкімде. - Айыпталушының отбасылық жағдайын, оның кәмелетке толмаған төрт баласын, жазаның отбасы мүшелерінің өмір сүру жағдайына әсерін, жұбайы ауру, 2-топ мүгедегі екенін ескере отырып, бұл мән-жайларды ерекше деп танып, ҚР ҚК 55-бабының 4-бөлігінің ережелерін ескере отырып, ең төменгі деңгейден төмен жаза ретінде үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөзден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером