Қазақтар ақырындап Қазақстаннан қашып жатыр

2569 просмотров
0
Ратель
Четверг, 19 Дек 2024, 14:15

Ақырындап екінші Армения болайын деп тұрмыз

Читайте также
Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

Белгілі журналист Кәмшат ТАСБОЛАТ әлеуметтік желіде қазақ халқының санына қатысты тың деректерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, 7 миллион қазақ шетелде тұрады. Бұл басқа халық саны көп елдермен салыстырғанда назар аудартатын мәселе. 

“Қазақстан онсыз да қазақ ұлтының 35-40 пайызы шетелде тұратын елміз. Халық саны 20 млн адамнан асты деп қуанамыз, жоғары мінберлерден айтылған дерек бойынша, бұдан бөлек, әлемде 7 млн қазақ сыртта тұрады. Ресей, Өзбекстанда тұратын қазақтар автохтонды ұлтқа жатады, яғни өз ата-баба жерінде тұрып жатыр. Бұдан бөлек, Қытай, Моңғолия, Түркияда ірі қазақ диаспорасы бар. Енді салыстыру үшін айтайын, Қазақстаннан тыс 7 млн. қазақ бар десек, мәселен, Жапонияда 125 млн халық тұрса, шетелде небәрі 5-10 млн жапон тұрады екен, Италияда 65 млн италиян тұрса, шетелде 8-16 млн арасы дейді. Ал Қазақстанда қазақ халқының саны – 14,5 млн болса, шетелде 7 млн. қазақтың тұруы тым үлкен көрсеткіш!”, - деп жазды журналист. 

Сондай-ақ ол елдегі азаматтардың сыртқа кетуіне елдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелер түрткі болып отырғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, бұл – ойланарлық жағдай.  

Читайте также
Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда тіркелген екен

“Егер елден әділдік іздеген, дұрыс жалақы мен адами қарым-қатынас іздеген азаматтар кете берсе, онда Қазақстан Армения сияқты өз халқы үшін Отаннан гөрі бір штаб-пәтерге ұқсас елге айналмай ма екен? Себебі әлемде 10 млн армян ұлты болса, оның небәрі 2,9 млн-ы ғана Арменияда тұрады екен. Бұл өте қиын жағдай. Жалпы, шетелге білімді, білікті мамандар кетіп жатыр. Бізге шұғыл Ресейге қатысты барлық одақтардан шығу керек, теңгені құлдыратып, үй-көлікті, азық-түлікті қымбаттатып тұрған осы қажетсіз ұйымдар ғой”, - деп қосты Кәмшат Тасболат. 

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 243 981 адамға жеткенін хабарлаған еді. Ведомство 1 қаңтармен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 210 139 адамға көбейгенін мәлімдеді. 

Фото: Shutterstock.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Казахский язык спасут не деньги, а новая педагогическая философия
Почему миллиардные траты не повышают качество преподавания госязыка
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента