ҚазҰУ 2,7 млрд теңге қаражатты қайда жұмсамақ

1273 просмотров
0
Ратель
Вторник, 12 Ноя 2024, 14:00

Үкімет резервтегі қаражатты алдымен Ғылым және жоғары білім министрлігіне аударатынын айтты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне үкіметтің шұғыл резервінен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ашық НҚА" сайтындағы үкімет қаулысында бөлінетін қаражат ҚазҰУ қалашығының жаңа кампусын салуға және қолданыстағы инфрақұрылымын күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалатыны туралы жазылған.

Аталған министрліктің massaget.kz редакциясына берген ресми мәлімдемесінде:

"ҚазҰУ-ге 2,7 млрд теңгені бөлу туралы қаулы қазір мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде", - делінген.

Читайте также
Парақор әке мен оның шенеунік қызы оңбай опық жеді

Мемлекеттен ЖОО-ның құрылысына қаражат бөлінген жоқ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры Ернар ТОҚТЫБАЕВТЫҢ айтуынша, осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан ұлттық немесе мемлекеттік ЖОО-ның құрылыс жұмыстарына ешқандай қаражат бөлінбеген.

"Біздің мақсатымыз – еліміздегі ЖОО-ның инфрақұрылымын дамыту. Сондықтан аталған оқу орнына қаражат бөлу ұсынылған болатын. Бірақ ҚазҰУ-ге 2,7 млрд теңге беру туралы ұсынысқа қатысты нақты шешім шыққан жоқ. Алдымен құзырлы органдар бір келісімге келуі керек. Бұл ұзақ процесс. Шешім үкімет басшысы қол қойып, заңға енгізілген кезде күшіне енеді. Ал нақты қаражат бөлу туралы шешім қай уақытта шығатынын айта алмаймын", - дейді Ернар Тоқтыбаев.

Оның айтуынша, біздегі ескі ЖОО-ы өз қаражаты есебінен жөндеу жасап жатыр. Министрлік өкілінен алдағы үш жылға білім беру саласына бөлінген 1 трлн теңге қаражаттың қанша пайызы ЖОО-ның құрылысына кететінін сұраған едік.

"Бұл соманың ішінде күрделі жұмыс жүргізуге ешқандай ақша бөлінген жоқ", - деп жауап берді Ернар Тоқтыбаев.

ҚазҰУ-ге күрделі жөндеу соңғы рет 2015 жылы жасалған

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ресми жауабында Үкімет резервтегі қаражатты алдымен Ғылым және жоғары білім министрлігіне аударатынын айтты.

Сонымен қатар бұған дейінгі ҚазҰУ-дегі құрылыс жұмыстарының барлығы бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізілген.

"Университет ғимараттарының жөндеу жұмыстарына 2020 жылы - 489, 6 млн теңге, 2021 жылы - 1 234, 9 млн теңге, 2022 жылы - 649, 8 млн теңге, 2023 жылы - 974, 8 млн теңге, 2024 жылы - 1 083, 1 млн теңге жөндеу жұмыстарына бөлінді. ҚазҰУ оқу ғимараттарына соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы №1, 8, 13 жатақханаларына жүргізілген", - делінген ҚазҰУ баспасөз қызметі берген жауапта.

Читайте также
Қызылордада мектеп директоры мен бас есепші 21 млн теңге жымқырды

Корпустан бұрын жатақхана мәселесін шешу керек

Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман АЛШАНОВТЫҢ айтуынша, Қазақстан бойынша мемлекеттік және ұлттық ЖОО-ның құрылысына қаражат бөлу құптарлық бастама. 

"Өйткені жыл сайын студенттер саны артып келеді. Ең алдымен, корпустан бұрын, жатақхана мәселесін шешу керек. Әсіресе Астана мен Алматы қалаларында студенттерге жатын орын тапшы. ҚазҰУ-де жыл сайын студент саны өсіп, ЖОО күрделі жөндеуден өткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Сондықтан Үкімет резервінен қаражат бөлініп жатса, оған түсіністікпен қарау керек. Құзырлы органдар бөлінген әр тиынның есебін алатыны сөзсіз. Қаражат жайдан-жай беріле салған жоқ. Ал ақылы негізде оқитын студенттер есебінен түскен сомаға оқытушылардың айлығын көтеру сияқты жұмыстар атқарылып жатыр", - деді Рахман Алшанов.

Оның айтуынша, бізде халықаралық қаржы институттары есебінен несие алып қаржыландырылып отырған оқу орындарының басым бөлігі жекеменшік. Бұған қоса, түлектер есебінен демеушілік негізде қаржыландырылып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған бірен-саран оқу ордалары бар.

Қазіргі уақытта республика бойынша 120 жоғары оқу орны бар. Оның ішінде 11 ұлттық, 29 - мемлекеттік, 14 - азаматтық емес, 1 - дербес білім беру ұйымы, 1 - халықаралық, 16 - акционерлік, 48 - жекеменшік. Ал шетелдік жоғары оқу орындарының 23 филиалы бар.

Фото: Almaty.tv.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана