Балқаш көлі тартылып барады

2556 просмотров
0
Ратель
Пятница, 12 Июл 2024, 14:00

Табиғат жанашырлары дабыл қағуда

Арнасынан аспақ түгілі, өз деңгейіне жете алмай тұрған Балқаш көлінің тағдырына табиғат жанашырлары алаңдаушылық білдіріп, дабыл қағуда, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Қазақстанның туризмін түлетеді деп көпшілік атой салатын Балқаш көлінің болашағы елді алаңдатуда. Өйткені, көл деңгейі соңғы жылдары 2 метрге дейін түсіп кеткен. Биылдың өзі 15 сантиметрге ғана молайыпты. Көлдің тартылуы ондағы тіршілік иелеріне де айтарлықтай зиянын тигізіп отыр дейді ғалымдар.

Читайте также
Елдің батысы мен оңтүстігінде тағы газ тапшы

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Балқаш бөлімшесін басқаратын Еркінбек ҚҰМАТАЕВТЫҢ айтуынша, бұл экологиялық мәселе. Ақпар үшін айтайық, 2021 жылдан бастап көл айтарлықтай тартылып, балық азайып кеткен еді. Суасты тіршілік иелерінің табиғи көбеюіне жайлы, жағалауға жақын жерлер таяздана бастаған. Қазір ғылыми орталықта балықты қолдан көбейту жұмысы жүргізілуде. Бірақ Балқаштың балығын молайту үшін үлкен қойма салыну керек.

- Су деңгейі түскен сайын балыққа, атап айтқанда, балықтың уылдырық шашуына зиянын тигізеді. Мына қамысты, жақсы жайылымды, уылдырық шашатын аумақтарда су деңгейі түсіп, ол жаққа балық кіре алмайды. Жалпы аумағы 18 мың гектарды алып жатқан көлде су көлемі - 100 текше шақырым. Тереңдігі орташа есеппен 6 метрге жуық. Оған 5 өзен құяды десек, соның дені Іледен келеді, - дейді "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" Балқаш бөлімшесінің басшысы Еркінбек Құматаев.

Көршілес Қытайдан бастау алатын бұл өзеннен соңғы жылдары су аз келуде, дейді мамандар. Егер көл осы бетімен тартыла берсе, келешекте су жолдарының бағыттары да өзгеруі мүмкін. Бірақ әзірге ондай қауіп жоқ.

- Су деңгейінің түсуі – кеме жолдарының қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Барлық бағыт сақталған. Көлдің тереңдігін үнемі тексеріп отырамыз. Қандай да өзгерістер болса, міндетті түрде алдын алу шараларын жасаймыз, - дейді "Қазақстан су жолдары" РМҚК Іле-Балқаш филиалы өндірістік қызмет басшысының міндетін атқарушы Роман ДАУКАЕВ.

Балқаш шаһары өндірісті қала болғанымен экологтар көлге маңайдағы кәсіпорындардан қауіп жоқ дейді. Бұл мақсатта мониторинг жүргізіліп, тұрақты терсеріс жүргізіледі.

Читайте также
Түркістан облысында 19 жастағы жігіт сүйіктісін көлікте ұрып өлтірді

- Балқаш көліне өндірістік қалдықтар ағызылмайды. Біз мұны үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Тек су алатын кәсіпорындар бар. Бірақ инспекцияның рұқсатымен белгілі бір мөлшерде ғана пайдаланады. Оның өзінде пайдаланылған суды сүзгіден өткізіп, анағұрлым таза етіп көлге қайта құяды. Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына еш әсері жоқ, - дейді Экология департаментінің Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік инспекторы Шолпан ӨТЕБАЕВА.

Балқаш көлінің болашағы Іле өзенінен келер суға да тікелей байланысты. Әзірге мамандар шағын шығанақтарды азайту арқылы мәселені уақытша болсын шеше тұруға кеңес береді. Ал, Аралдың кебін киіп қалмас үшін билік ғалымдармен бірлесе жұмыс істемесе, болмай тұрғаны тағы бар.  

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, "Алматы" телеарнасы Қарағанды облысы.

Фото: wikimedia.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Казахстан предложил разместить у себя штаб-квартиру Банка развития ШОС
На встрече в Душанбе также обсуждались расчёты в нацвалютах, транспортные коридоры и ИИ
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай