Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

2006 просмотров
0
Ратель
Вторник, 13 Июл 2021, 12:00

Құрбан айттың негізгі мәні - мұсылмандар арасында өзара мейірім, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Шет елдерде қанша этникалық қазақ тұрады

"Қадірлі отандастар! Құрметті кәсіпкерлер! Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Ұлық күнде исі мұсылман баласы шынайы ниетпен құрбан шалып, құрбандық етін мүгедектер мен жетімдерге, көпбалалы отбасылар мен қарттарға таратып, алғысын алуға тырысады. Адамның алғысын алып, батасына бөлену – сауапты істің бірі. Халқымыз "Алғыс алған арымас. Бота алғанша бата ал" дейді емес пе? Құрбан айтта орындалатын негізгі ізгі амалдың бірі – құрбан шалу. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Адам баласы құрбан айт күні құрбан шалудан өзге амалымен Аллаға жақындаған емес..." дейді. Демек Құрбан айт күні Аллаға ұнамды әрі ең сүйікті амал – құрбан шалу. Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін" делінген ҚМДБ таратқан бас мүфтидің үндеуінде.

Оның айтуынша, Құрбан айттың негізгі мәні - мұсылмандар арасында өзара мейірім, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

"Алланың рақым нұры төгілетін құрбан айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік. Жаратушы Иеміз Құранда: "Өздерің жақсы көрген нәрсені Алла жолына жұмсамайынша игілікке жетпейсіңдер" ("Әл-Имран" сүресі, 92-аят) деп баяндаған. Сауаптар еселеніп жазылатын сәттерде Алла разылығы үшін елдің жағдайын ескеріп, тауар бағаларына жеңілдік жасап, әр отбасыға қуаныш пен мерекелік көңіл күй сыйлауға тырысайық. Ардақты ағайын! Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "...Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді..." деген сүйінші хабар жеткізген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлердегі шаруаларға қолдау көрсету мақсатында "Қиындықта ел бірге" атты қайырымдылық акциясын бастады. Акция аясында Қызылорда, Маңғыстау облыстарына жем-шөп жөнелтілетін болады. Осы игі іске үлес қосып, сынақты сәттерді бастан кешіп отырған отандастарымызға қол үшын созуға шақырамын. Хақ Тағала кәсіптеріңізге береке, игі істеріңізге мол сауаптан жазғай! Әмин" деп түйіндейді үндеуін Наурызбай қажы Тағанұлы.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Лимоны под снегом: пенсионеры из ВКО в морозы выращивают экзотические фрукты и цветы
Недалеко от Усть-Каменогорска супруги Земляные создали настоящий оазис
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Спасут ли экономику иностранные инвестиции или создадут «два Казахстана»?
Иностранцы получают «зеленый коридор» на 25 лет, а отечественные компании вынуждены выживать
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Средняя дивидендная доходность по рынку в Казахстане удвоилась в 2025 году
Почему активизировались инвесторы?
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента