Бүгін соңғы күн: 300 мың адам салық есебін тапсыруы керек

1509 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 16 Сен 2024, 13:00

​​​​​​​Салық есебін өткізбегендерге не болады?

Биыл табыс туралы декларацияны тапсыратын соңғы күн - 16 қыркүйек. Ескертілсе де жүз мыңдаған адам салық есебін әлі тапсырмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы күн

- Биыл 250.00 және 270.00 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке (жексенбі) – демалыс күніне келеді, яғни соңғы күн 2024 жылғы 16 қыркүйекке ауыстырылады, - деп хабарлаған еді бұған дейін салық органдары.

Салық есебін өткізбегендерге не болады

Әуелі салық органдары есеп өткізбегендерге хабарлама арқылы ескерту жолдайды. Ол ескерілмеген жағдайда азаматқа 5 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Ол да ескерілмесе, әкімшілік жауапкершілікке апарып соғады.

Читайте также
Халықты тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

Салық есебін қалай тапсыруға болады

Азаматтар салық міндеттемелерін ыңғайлы электрондық қызметтерді пайдалану арқылы орындай алады. Олар:

  • Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz);
  • Электронды үкімет порталы (egov.kz);
  • мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile;
  • қосымшалар Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. 

Салық есебін өткізбегендер

Бұған дейін Қаржы министрлігі аталған форма бойынша 2,1 млн адам есеп тапсырып, 300 мыңға жуығы әлі есеп бермегенін хабарлаған еді.

2024 жыл – салық декларациясын тапсырудың үшінші кезеңі. Биыл оны бизнесмендер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары тапсыруы тиіс.

Фото: © Ratel.kz / Сергей Перхальский.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.