Бір блогер Қазақстанда TikTok-қа тыйым салайық деп шықты

1063 просмотров
0
Ратель
Пятница, 19 Апр 2024, 13:30

"Халықберген" телеграм арнасында депутаттарға үндеу жарияланған, деп жазады stan.kz

 Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстанда TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды. 

Читайте также
Үш жылда 3 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген

"Құрметті депутаттар! Мен елімізде TikTok әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салу мәселесін қарастыруды ұсынамын. Ұсыныс көрші елдердің тәжірибесін және басқа мемлекеттерде балалардың психикалық денсаулығын және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша қабылданған шараларға, сондай-ақ ұялы байланыс операторларының трафигі туралы жалпыға қолжетімді ақпаратқа негізделген", делінген жазбада. 

Үндеуде TikTok желісіне тыйым салған әлем елдерінің мысалдары ұсынылған.

"Үндістан ұлттық қауіпсіздік пен азаматтардың деректерін қорғауға қатысты алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылдың маусымында TikTok-ты толығымен бұғаттаған ірі елдердің бірі болды. Үндістан үкіметі TikTok сияқты қолданбалардың елдің егемендігі мен тұтастығына қауіп төндіретінін айтты. Индонезия 2018 жылдың шілдесінде TikTok-қа кіруді уақытша бұғаттады. TikTok әлеуметтік желісі Өзбекстанда 2021 жылдың шілдесінде бұғатталған еді. Мұндай шешім көрші Қырғызстанда да қабылданған. АҚШ үкіметі қытайлық ByteDance компаниясына қатысты ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты федералды үкіметтің құрылғыларында TikTok қолданбасын пайдалануға тыйым салды", делінген үндеу мәтінінде.

Читайте также
Назарбаев қоры билікке қарсы науқан ұйымдастырғанын жоққа шығарды

Үндеуде желіге тыйым салудың басты және негізгі себептерінің бірі қауіпсіздіктен басқа, әлеуметтік желілердің жастардың психикалық денсаулығына әсері екені айтылған.

"Осы деректерді ұсына отырып мен Қазақстанда TikTok-ты заңнамалық тұрғыдан бақылауды немесе толығымен бұғаттауды ұсынамын. Бұл өтініштің негізгі және басты себебі гаджеттерге бөлетін уақытын өз бетінше бақылай алмайтын балалардың денсаулығына алаңдаушылық болып қала береді. Бұл мәселе ересектер үшін де өткір", делінген жазбада.

Бұған дейін Қырғызстанда TikTok-қа шектеу қойылған.

Фото: unsplash.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай