Биылғы талапкерлер қандай мамандық таңдап жатыр

1467 просмотров
0
Ратель
Пятница, 19 Июл 2024, 15:00

Гранттар конкурсына құжат қабылдаудың аралық қорытындылары жарияланды

Қазірге дейін ел бойынша талапкерлерден гранттар конкурсына шамамен 90 мың өтініш қабылданды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы.

Қазақ жастары таңдаған білім беру бағдарламаларының ішінде бірінші орында - педагогикалық ғылымдар. Қазіргі уақытта 23 714 өтініш қабылданды.

Екінші орында инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары үшін мамандар даярлау бағдарламалары – 14 741 өтініш.

Ал үшінші орында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 563 өтініш.

2023-2024 оқу жылына жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқуға 78 219 грант бөлінді, соның ішінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары арасынан Қазақстан азаматтарын оқытуға – 3903 грант.

Читайте также
"30 жылда 17 білім министрі ауысқан мемлекет жоқ"

Сонымен қатар, халқы тығыз, батыс және қайта құрылған өңірлердің жастарын оқытуға 5000 мақсатты грант бөлінді, соның ішінде Атырау облысынан келгендерге – 1500 грант, Маңғыстау облысына – 2000 грант, Түркістан облысына – 600 грант, Абай облысына – 300 грант, Шымкент қаласына – 300 грант, Жетісу облысына – 300 грант, Ұлытау облысына – 300 грант келесі даярлау бағыттары бойынша: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары.

Барлық гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген.

Ең көп грант алған білім беру бағдарламаларының топтары "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары", олардың саны 19 344 грант. Одан кейін "Педагогикалық ғылымдар" – 13 735 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – 10 903 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 8 288 грант.

Естеріңізге сала кетейік, барлық өңірлер үшін гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау 13 шілдеде басталып, 24 шілдеге дейін жалғасады.

Фото: qyzpu.edu.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай