Черчесовтың тағдыры жақында шешіледі

2549 просмотров
0
Ратель
Вторник, 10 Дек 2024, 14:00

Черчесовтың тағдырын ҚФФ-ның жаңа басшылығы шешеді, дейді футбол агенті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав ЧЕРЧЕСОВТЫҢ бұл қызметті жалғастыруы ҚФФ-ға келетін жаңа басшылыққа байланысты, депті ресейлік футбол агенті Алан АГУЗАРОВ.

Бұл туралы 1bol.kz сайты жазады.

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Черчесовтың жақын досы саналатын Агузаров "Это футбол, брат" YouTube-каналына сұхбат беріп, бас бапкердің болашағына қатысты болжамын айтты.

Еске салайық, ресейлік бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін биыл жазда ұстады. Ол Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бесеуінде жеңілді де, бірінде тең ойнады. Черчесов тұсында Қазақстан құрамасы қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмай, өз қақпасына 15 гол жіберген.

Осындай нәтижеден кейін қоғам оның отставкасын талап еткенімен, ресейлік маман 2026 жылға дейін жұмысын жалғастыратынын ашып айтты.

- Черчесов қазір басқа ұсыныстарды қарастырып жатқан жоқ па?

- Қазір ол Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент келуін күтіп отыр. Олар өзара сөйлесіп, ары қарай жұмыс істесе ме, жоқ па – сол жағын шешіп алады.

- Черчесов кетуі мүмкін бе?

- Ол Бәрменқұлов кезінде келген, сол кісі оны шақыртып алған.

- Егер Черчесов отставкаға кететін болса, оның көңіл-күйі түседі деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, түспейді деп ойлаймын, - деді Агузаров.

Еске салайық, егер Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовпен келісімшартты мерзімінен бұрын үзсе оған 1 млн еуро көлемінде өтемақы беруі тиіс.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
За прошедшие сутки из снежных заносов спасено и эвакуировано 87 человек