Димаш Құдайберген: Мақсатым – қазақ әртістерін әлемге таныту

1196 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 30 Июн 2024, 12:00

Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, - деді ол

 Алматыда өткен "New Vision: Бизнес күші" жаһандық бизнес-форумында танымал қазақстандық әнші Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН шығармашылық жоспарымен бөлісіп, әйгілі хиттерін орындады, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Алдағы жылдары үлкен жобаларды қолға аламын. Мен қазір мүмкіндіктерімді тиімді пайдаланғым келеді. Халықаралық аренаға қазақтын ұл-қыздарын шығарсам деймін. Барынша қолдап, жол сілтеп, мықты менеджерлермен таныстырып, үлкен агенттерге көрсетіп, жол салып бергім келеді. Менің де дәуренім өтпелі. Бұл күн бүгін бар, ертең жоқ. Сондықтан қазаққа қазақтың мүддесі үшін пайдамды тигізе алсам одан басқа менің арманым жоқ. Мен 5 жасымнан бастап музыкадан дәріс алып келе жатырмын. Биыл докторлық дәрежемді қорғаймын. Жинаған тәжірбиемді үлкен әнші болуды армандап жүрген жас жеткеншектермен бөліскім келеді", - дейді Димаш Құдайберген.

Ол сондай-ақ түрлі қалалар мен елдерден ұшып келген жанкүйерлеріне алғыс айтты. Республика сарайының сахнасында жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді. Әнші "Отаның қандай?" деген сұраққа жауап берді. 

Читайте также
KASE Мосбиржадан акциялар сатып алуды жоспарлап отыр

"Рұқсат етсеңіз, мен бұл сұраққа философиялық тұрғыдан жауап берейін. Ағылшын-америкалық жазушы Томас ПЕЙН былай деген екен: "Жер – менің Отаным, барлық адамдар – менің бауырым" деген. Бұл жерде мен өз Отанымды, елімді, халқымды сүйетінімді айтқым келеді, бірақ мен адамзатты дінге, елге, ұлтқа бөлгім келмейді. Біз, қазақ – дана халықпыз, әр адам өзі үшін жауапты. Достарына, айналасына мейірімді болуы керек, сонда бұл адам өзінің даналығын көрсетеді. Менің ойымша, әрбір мемлекет осы философияны ұстануы қажет. Ата-бабаларымыз осы Жер үшін күресіп, оны ұрпақтарына аманат етіп қалдырды. Ал біз оны кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Біз ұлы болашаққа дайын екенімізді, ұлы бабалардың ұрпағы екенімізді көрсетуіміз керек. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын", - деді ол.

Фото: dimashnews.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Камеры ежедневно фиксируют правонарушения в Павлодарской области