Еңбек вице-министрі 42 500 теңге төлемнің кешіктірілу себебін түсіндірді

2808 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 26 Апр 2020, 16:00

Бүгінгі күні төлем жасауға 4 197 336 өтінім қойылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге төлеу барысында неліктен іркіліс болатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өтінімнің кезеңдердің бірінде тұрып қалуы мәселесі толықтай шешілді. Бұған қатысты сауалдың мүлдем аз екендігін көріп отырмын. Әрбір жағдайды қайта тексеріп шығамыз", - деп жазды вице-министр Instagram парақшасында.

Читайте также
Қанша қазақстандық 42 500 теңгені қайтарып бергені белгілі болды

Осы ретте ол бірнеше мәселеге жеке-жеке тоқталды. Біріншісі - төлем тағайындалғанына бір аптадан астам уақыт өткенімен, қаражат көмек алушының есепшотына түспеуі.

"Бұған дейін айтқанымдай, ақша іс жүзінде бір күннің ішінде жіберіледі. Бірақ, есепшот қате көрсетілген жайттар болып тұрады. Көпшілігі: "мен бәрін дұрыс көрсеттім" дейді. Алайда ақша жіберілгеннен кейін банк кері қайтарып жіберген немесе өзіміз байқап қалған шамамен 930 мың өтінім есепшоты қате (20 символдан аз және т.б.) көрсетілген. Сонымен, неліктен іркіліс орын алады? Процесс келесідей:

1) Біз ақшаны сіздің банктегі есепшотыңызға (1 күн) аударамыз.

2) Банк тексеріп, есепшот қате болғанда ақшаны кері қайтарады (1 күн).

3) Біз өзіміздің базамыздан ақшаны аудару үшін өтінім берушінің басқа қолданыстағы есепшотын іздейміз. Мәселен, сіз басқа төлем алуыңыз мүмкін. Мұны сізді барынша мазаламау үшін жасаймыз. Шамамен 900 мыңын таптық (1 күн).

4) Егер тапсақ, ақшаны қайта жібереміз (1 күн). Кейде адамдардың басқа есепшотқа түсті деуінің себебі осында. Ақша жоқ деп айтпастан бұрын барлық есепшоттарыңызды тексеріп алуды өтінемін.

5) Егер таппасақ, СМС жібереміз (кеше мұндай 28 мың СМС жібердік).

Читайте также
"ЕСП" төлеудің жаңа тәсілі пайда болды

Оған жауап ретінде есепшот нөмірін жіберу қажет (1 күн). Мұнан ары сіздің есепшотты қашан бергеніңізге байланысты. Өздеріңіз көріп отырғандай, процесс бір күннен көп уақытты алады. Бірақ, бұл төлем аударуда проблема орын алған жайттарда ғана", - деді ол.

Осы ретте вице-министр кез келген қызметтегідей бір нәрсе анықтау қажет болса, онда ол қосымша уақытты алатындығын баса айтады.

"Бүгінгі күні төлем жасауға 4 197 336 өтінім қойылды. Оның ішінде 4 126 155 азаматқа төлем жіберілді. Қалған 71 181 өтініш бойынша азаматтардың есепшотына қаражатты дер уақытында аудару мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған дейін төленген төлемдер бойынша банктермен қосымша тексеру жүргізілуде. Біз бұл жағдайды күнделікті мониторингілеп отырмыз және қажет болғанда банктермен және процесске жұмылдырылған өзге де ұйымдармен бірден жұмыс істейміз", - деді Нариман Мұқышев.

Фото: pixabay.com.

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
США направили в Центральную Азию Марко Рубио и более 200 представителей бизнеса
В Самарканде 19 октября обсудят энергетику, инвестиции и стратегические ресурсы региона
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай