Елдің батысы мен оңтүстігінде тағы газ тапшы

1174 просмотров
0
Ратель
Четверг, 04 Июл 2024, 13:00

Жүргізушілердің көгілдір отын іздеп сабылғанына бірнеше күн болған

Батыс Қазақстандағы жанармай бекеттерінің көбінде "Газ жоқ" деген тақтайша ілініп тұр. Кейбірі тек талонмен беріп жатыр екен, деп жазады kolesa.kz.

– Алматыдан келе жатырмыз, еш жерде газ жоқ: не Шымкентте, не Қызылордада. Ақтобеде аздап қалған екен. Оралға келдік, мұнда да жоқ! Қалай жетеміз? Қалай өмір сүреміз? Үкімет мұны қадағалай алмаса, не үшін отыр? Қазір Атырауға шықтық, онда да газ жоқ. екі машинаға газ құюымыз керек, күтіп тұрғанымызға екі жарым сағат болды, – деді жүргізушілердің бірі.

 

Читайте также
Енді "креативно жейік" дедіңдер ме

Мgorod.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, әкімдік бекеттерде отын таусылғанына су тасқыны, логистикамен байланысты қиындықтар себеп болды деп ақталыпты. Шенділер Орал – Атырау тас жолының Теңізге баратын бөлігін су шайып кеткендіктен, газды Ақтөбе арқылы тасып жатырмыз деген.

– Өндірушіде шикізат болмаған жағдайда ғана отын тапшы деп айтуға негіз бар. Энергетика министрінің бұйрығы бойынша сұйытылған газдың жаңа бағасы – 70-75 теңге. Орал мен облыс орталығынан 200 шақырымға дейінгі аумақта газдың 1 литрі 70 теңге тұрады. Одан шетке шықсаңыз, 75 теңгеге аласыз. Шілдеде 3378 тонна газ жеткізілуге тиіс. "Жайықмұнай" 2000 тонна шығарса, қалғанын Атырау мұнай өңдеу зауыты жібереді. Қосымша 1.5 тоннасын "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ жеткізеді. Газ тасығыштар жолға шықты, ертең түнде олар Батыс Қазақстанға барады деп ойлаймын, – деді Батыс Қазақстан облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мирас МҮЛКӘЙ.

Дәл осындай қиындыққа Шымкент және Қызылрда тұрғындары да тап болды. "31 канал" хабарлағандай, жүргізушілер таң атпай жанармай бекеттеріне жиналып, кезекке тұрады екен. Энергетика министрлігінің өкілдері жазда сұйытылған газ тұтынатындардың саны артатынын айтты. Тапшылыққа жол бермеу үшін билік бірнеше күн бұрын Шымкентке қосымша 20 вагон жіберген, тағы 43 цистерна жақында жетеді.

Фото: youtube.com/@tv24kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Следствие по делу Bek Air: эксперты без лицензий и конфликты интересов?
Адвокаты указывают на нарушения и сомнительные экспертизы в расследовании авиакатастрофы
Комсомольское прошлое и настоящее
Почему обречен на забвение мемориал близ Алматы
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Трехлетний бюджет: Казахстан входит в 2026 год с кучей нерешенных проблем
Экономику держат на плаву за счет новых заимствований и старых схем
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Сырьевая модель отечественной экономики дает сбой
Казахстан экспортирует меньше, а потребляет больше
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента