Ішкіш күйеуінен әбден шаршаған әйел ауыр қадамға барды

2093 просмотров
0
Данил Шемратов
Суббота, 19 Окт 2024, 12:00

Өлтірілген сәтінде еркек қатты мас боп жатқан

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1974 жылы туған әйел, Сайрам ауданының Х. есімді тұрғыны қасақана кісі өлтірді деп айыпталып, оған үкім шығарылды. Әйел күйеуін киімнің белгігімен буындырған екен.

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Айыпталушының сөзінше, оның күйеуі жылдар бойы ішкілікке салынып, шаңырақтың берекесін қашырған. Ішкен сайын әйелін де, балаларын да сабап, соққыға жығып келген. Әсіресе, мүгедек болып туған кенже ұл әкесінен көп қорлық көрген.

Биыл 12 сәуірде жұмыстан үйге келген әйел тағы да қу араққа "тойып алған" отағасының ұйықтап жатқанын көрген. Балаларға кешкі тамағын беріп болғанда күйеуі оянып, араққа ақша талап еткен. Әйел қолындағы соңғы 1500 теңгесін бере салыпты. Үйден шығып кеткен күйеуі түнде тәлтіректеп қайтып келді. Соған қарамай әйелінің бетіне түкіріп, өзінің ұлын өлтірем деп кіжінген. Сосын есік алдындағы баспалдақта қылжиып ұйықтап қалды.

Шыдамы әбден таусылған әйел осы сәтті пайдаланып, беліндегі белдігімен ұйықтап жатқан күйеуінің мойнын орап, қыса бастады. Бес минут бойы тұншықтырған соң еркектің демі үзілді.

Ертесінде әйел көршілері мен туыстарына "күйеуім оянбай жатыр" деген суыт хабар берді. Бірақ оның неден өлгені тез анықталып, сол күні әйел қылмысын мойындады.

Марқұмның туыстары әйелді кешірмей, оған барынша ауыр жаза тағайындауды талап етті. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сәкен ТҰРҒЫНБАЕВ қылмыстың ауырлығын ескере отырып, әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енгеннен кейін әйел орташа қауіпсіздік режиміндегі мекемеде жазасын өтейді.

Фото: zhukvesti.ru.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай