Әйелін сабаған әкім

1938 просмотров
0
Ратель
Пятница, 17 Мая 2024, 14:00

Мен күресіп әбден шаршадым, дейді бұл әйел

Атырау қаласының тұрғыны Ақмарал ҮМБЕТҚАЛИЕВА бұрынғы күйеуі, Мақат ауданының әкімі Ринат ИБРАГИМОВТЕН зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен балаларымен қауышуға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әділдік іздеген ананың видеосы YEDILOV ONLINE Telegram-арнасында жарияланды.

Ақмарал Үмбетқалиеваның айтуынша, оның бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимов қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарады. Бұрын спортшы болған, Олимпиада ойындарына қатысқан.

Айтуынша, Ринат Ибрагимов бірге тұрған 11 жылдың ішінде оны үнемі балалардың көзінше ұрып-соғып, азаптаған.

"2021 жылы түнгі сағат төртте Ринат Ибрагимов мас күйінде мені балаларымның көз алдында ұрып, бетімді жарды. Осыдан кейін мен жедел жәрдем, полиция шақырдым. Бірақ ол балаларымыз үшін арызымды кері алуымды және өзін кешіруді өтінді. Сөйтіп мен шағымданудан бас тартуға мәжбүр болдым. Дәл осындай оқиға 2023 жылы 31 мамырда қайталанды. Ринат  Ибрагимов тағы да балалардың көзінше мені тепкілеп, ұрды. Оған қоса мені мүгедек ететін айтты. Алған жарақаттан мен бір ай бойы жүре алмадым. Осы уақыт аралығында Ринат Ибрагимов қызметін пайдаланып, балаларымды менен заңсыз тартып алды", - деп мәлімдеді Ақмарал Үмбетқалиева.

Читайте также
Сәкен Мамаш туыстарына миллиондап ақша аударады – Карина Мамаш

Әйел балаларын бір жыл бойы көрмеген, сөйлеспеген.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуінің үстінен Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы "Кінәліге материалдық жағынан тәуелді тұлғаға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда еш шара қабылданбаған.

"Осы уақытқа дейін Ринат Ибрагимовқа қатысты оны ұстау, қылмыстық жаза бойынша, қызметінен шеттету бойынша ешқандай шара қабылданған жоқ. Сол себепті мен сіздерден, мемлекеттен балаларымды қайтаруға, кінәліні жазалауға және әділетті шешімге қол жетекізуге көмектесуді сұраймын. Мен күресіп әбден шаршадым", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен МАМАШТЫҢ әйелі Карина Мамаш күйеуінен қорлық көріп келгенін мәлімдеді. Жәбірленушінің айтуынша, Сәкен Мамаш он жыл бойы әйелін ұрып-соққан. Жәбірленушінің мәлімдемесінен кейін дипломат елге шақыртылып, қызметінен босатылды. Сәкен Мамаштың үстінен "азаптау" бойынша іс қозғалды.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Кызылординской области в эксплуатацию введены 27 инвестиционных проектов на сумму свыше 300 млрд тенге