KASE Мосбиржадан акциялар сатып алуды жоспарлап отыр

1196 просмотров
0
Ратель
Суббота, 29 Июн 2024, 12:00

Биржа қазақстандық биржалық нарықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды

Шешім халықаралық заң консультантының қатысуымен жүргізілген талдау нәтижесінде қазақстандық қаржы инфрақұрылымының үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында хабарлады.

Читайте также
Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр – министр жауабы

"Қазақстан қор биржасы" АҚ" Мәскеу биржасы ММВБ-РТС (MOEX) АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдердің санкциялық тұлғаларының тізіміне енгізілуі KASE-нің ағымдағы қызметіне тікелей әсер етпейтінін және KASE-ні осы тізімдерге енгізу сын-қатері болмайтынын хабарлайды", - деп толықтырды KASE.

Олардың айтуынша, 2024 жылдың 12 маусымында MOEX және оның екі еншілес ұйымы: Ұлттық клирингтік орталық және Ұлттық есеп айырысу депозитарийі АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы шығарған 14024 атқарушы жарлығында қарастырылған санкциялар қолданылған.

"Осылайша, аталған тұлғалар 2024 жылдың 12 маусымынан бастап SDN тізіміне енгізілді. SDN тізіміне енгізу АҚШ юрисдикциясындағы активтерді толығымен бұғаттауды, сондай-ақ америкалық заңды және жеке тұлғалардың SDN тізімінде көрсетілген тұлғалармен өзара әрекеттесуіне тыйым салуды білдіреді. Мұндай санкцияларды Ұлыбританияның қаржы санкцияларын жүзеге асыру басқармасы (OFSI) 2024 жылғы 13 маусымда енгізді", – деп түсіндірді KASE.

Қазақстан қор биржасының түсіндіруінше, егер санкциялық тұлғалар акциялардың (қатысу үлестерінің) 50% және одан да көп бөлігін иеленсе, яғни мұндай компанияны бақылауға алса, компаниялар санкциялық тізімдерге енгізу қатеріне ұшырайды. MOEX KASE орналастырылған акцияларының жалпы санының 50%-дан азына (13,1%) иелік ететіндіктен, аталған санкциялар KASE-ге қолданылмайды.

"Мәскеу биржасы 2018 жылғы 10 қазандағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, KASE стратегиялық серіктесі болып саналады. Соңғы 5 жылда ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары іске асырылды", - деп нақтылады ұйым.

Биржа қазақстандық биржалық нарықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Фото: baimedia.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
   В январе на канал "102" поступило 30 201 сообщение различного характера