Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасаған адам ұсталды

1387 просмотров
0
Ратель
Суббота, 22 Июн 2024, 15:30

Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр

Читайте также
Тәжікстанда "ұлттық мәдениетке жат" киім киюге тыйым салынды

Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовты атып кетті деп айыпталған күдіктілердің біреуі қамалғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура 18 маусымда Киев қаласында Айдос Садықовқа жасалған қастандық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады.

"Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатысы туралы қылмыстық істің материалдарын беру жөнінде халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады. 21 маусымда Алтай Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды" деп хабарлады ведомстводан.

Мейрам Қаратаевтың қайда жүргенін анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы