"Лейтенант ұрған". Марқұм сарбаздың анасы жанайқайын айтты

3112 просмотров
0
Ратель
Вторник, 21 Мая 2024, 13:00

Кім кімді алдап отырғаны белгісіз

Бұдан бір апта бұрын Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз Досымжан СӘЛІМЖАН қайтыс болған еді. Марқұм жігіттің туысқандары Massaget.kz тілшісіне сұхбат беріп, бұл оқиға туралы айтып берді. 

Досымжан Сәлімжан 2005 жылы 1 қазанда Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Сарбаздың туған ағасының әйелі Ақниет СУЮНГАЛИЕВА оның қандай болғанын айтып берді.

"Мінезі қатты, мықты жайдары бала, ақкөңіл еді. Әскерге былтыр 11 қазанда өз еркімен кеткен. Алғашқы кезеңдері бәрі жақсы болған, шағымы болмады. 2024 жылғы 3 мамырда таңертең анасына қоңырау шалып, "Мама, ауырып тұрмын, кеудем қысып тұр, қызу бар сияқты" деді. Анасы "Дәрігерге барып қарал" деді. Біраздан соң сержант қонырау шалып, "Баланыз аурып қалды, азқазаны ауырып тұрған сияқты, тамақ ішпегеннен шығар. Қазір дәрігер тексеріп жатыр" деді. Сәлден соң өзіміз қоңырау шалдық, "Апа, сіздің балаңызды Алматыдағы әскери госпитальға жедел алып бара жатыр" деді. Содан хабарсыз кетті. Кешке ғана подполковник Руслан Жылқыбаев қоңырау шалып, "Бәрі жақсы, қазір дәрігерлер асқазанын тазалап жатыр, жара бар сияқты" деді. Бірақ біз сонда да Алматыдағы туысқанымызды ауруханаға жібердік, ол баланың жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Сонда кім кімді алдап отырғаны белгісіз! Ата-енем сол күні түнде Алматыға ұшты", - деді Ақниет Суюнгалиева.

Баланың анасының айтуынша, лейтенант сарбазды соғып, өз жұмысын істетіп қойған. Оған қоса, әскерге керек зат алу үшін ақша сұратқан. Осылайша бала бірнеше несие алған.

"Өлім қорытындысы бойынша жүрегі тоқтап қалған. Сот-медициналық сараптама әлі шықпады, 1-2 ай уақыт алады деді. ⁠Бізге тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кінәлі адамға, яғни лейтенант Ш.ЖАНБОТАҒА санкция жарияланып, ол ұсталған. 4 куәгер сұралып жатыр", - деді Ақниет Суюнгалиева.

Марқұм сарбаздың жеңгесінің айтуынша, тергеушілер күдіктінің ұсталғанын ауызша ғана айтып, ешқандай құжатпен растамаған. 

Читайте также
Әйелін сабаған әкім

Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаменті сауал жолдады. Алайда құзырлы орган бұл іске қатысты қандай да бір ақпарат беруге, пікір білдіруге бас тартты. 

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес ақпарат бере алмаймыз", - деді баспасөз қызмет өкілдері. 

Осыған қатысты сарбаздың жақындары құзырлы органға қояр сауалы мен талабы барын айтты.  

"Неге бала больницада жатқанда білікті дәрігерлер әкелмеді? Сарыөзек горнизонының басшысы АБЕКОВ Жасулан Садуұлы неге ауруханаға келмеді? Неге баланың жағдайын сұрамады? Неге қадағаламады? Лейтенанттың ісінен хабары неге жоқ? Балалардың соққыға жығылатынынан неге хабары жоқ? Неге қағазды сарбаздардың ақшасына алады?" - деді ол.

Досымжан Сәлімжанның жақындары кінәлінің жауапқа тартылғанын, істің аяғына дейін жүргізілуін, материалдық шығынның өтелуін талап етті. 

Еске салайық, 13 мамырда Жетісу облысында 19 жастағы сарбаз қайтыс болғаны хабарланған еді. Қайғылы жағдайды сарбаздың туғандары растады. 

Қайтыс болған сарбаздың анасы бір күн бұрын Fаcebook желісінде ұлының әскерде таяқ жегенін, салдарынан жансақтау бөліміне түсіп қалғанын айтып, Президентке үндеу жолдаған еді. 

Фото: жеке архив.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Сбой «Яндекса» в Казахстане – вопрос может выйти на уровень Совета безопасности
В распоряжении Ratel.kz оказался документ о национальной безопасности Казахстана, предположительно адресованный Роману Скляру
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай