Мақтаарал ауданының әкімі түнгі сағат 12-де төтенше жағдай жариялады

2869 просмотров
0
Ратель
Суббота, 02 Мая 2020, 10:55

Өзбекстанда су қоймасының бөгеті бұзылғаннан кейін Қазақстанның бірнеше елді мекенде орналасқан коллекторларға су толды

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт АСАНОВ түнгі сағат 00:00-де төтенше жағдай жариялауға тапсырма берді, Sputnik деп хабарлады.

Читайте также
Из-за прорыва дамбы в Узбекистане было эвакуировано около 70 тысяч человек

Өзбекстанның Сырдария облысында орналасқан "Сардоба" су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1 мамыры күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекенде орналасқан коллекторларға су толған.

Өзбекстан ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, сағат 20:15 шамасында "Сардоба" су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызуды тоқтатқан.

"Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрды. Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің құрамы мен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс елді мекені, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендерін су басу қаупі туындап,  тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан "Мырзакент" мектеп гимназиясында 600 орын, "С.Рахымов" атындағы жалпы орта мектепте 700 орын, "Пушкин" атындағы жалпы орта мектепте 400 орын, "Абылайхан" атындағы жалпы орта мектепте 500 орын дайындалды.

Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асановтың төрағалығымен 2 мамыр күні түнгі 00:00-де штаб мүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді.

Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елді мекенінің тұрғындары қауіпсіз жерге жаппай көшіріліп жатыр, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Читайте также
В Мактааральском районе началась эвакуация людей

Өзбекстанда бөгет бұзылды

Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЁЕВ келіп жағдаймен танысты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ағын су Сардоба ауданындағы Қорғантөбе ауылының біршама бөлігін басып қалғанын хабарлады.

Ресми дерек бойынша 11,5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Су негізінен егіс алқаптарына зиян келтірген. 

Фото: tengrinews.kz.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай