Мемлекет басшысы: Энергетика саласына қосымша серпін беру үшін тиісті инвестиция саламыз

849 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 10 Дек 2023, 13:30

Қазақстан басшысы 2060 жылдың соңына дейін көміртегі бейтараптығына толық қол жеткізу туралы елдің өршіл мақсаты туралы еске салды

Даму және шет елден инвестиция тарту Қазақстанның басты басымдықтары болып табылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Euronews телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

"Қазақстан дамуының және инвестициялардың алдағы бағыты қандай?", - деп сұрады телеарна тілшісі ҚР президентінен.

Читайте также
Сенат төрағасы: сейсмикалық қауіпсіздікті сақтауда жүйелі қадам жасау керек

Тоқаев Қазақстан жан басына шаққанда шетелдік инвестицияны тарту бойынша Орталық Азияда, тіпті одан тыс шеңберде бірінші орында тұрғанын және халықаралық институттар Қазақстанның халықаралық рейтингін көтергенін атап өтті.

Президент энергетика саласының аса маңызды екенін айта келе, Қазақстан онымен бір мезгілде төтенше маңызды материалдар әзірлеуге үміт артып отырғанын жеткізді.

"Осы тұрғыда Еуропалық одақпен келешектегі ынтымақтастығымызға үміт артамыз. Осы аса нәзік және стратегиялық маңызды салада жақсы серіктес болуға дайынбыз. Бұл да біздің басымдықтарымыздың бірі", - деп атап өткен Қ.Тоқаев, Қазақстанға бұл салада халықаралық ынтымақтастық және көбірек инвестиция қажет екенін қосып өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ дәл осы төтенше маңызды материалдар саласында жақсы серіктес болып, үлкен жетістікке жететініне сенім білдірді.

Бұдан әрі ҚР Президенті энергетикалық бизнес ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін баса айтты.

"Қазақстан энергетикалық ресурстарға өте бай және мұндай экономикалық дамудан бас тартудың қажеті жоқ. Әрине, біз елдің энергетика саласына қосымша серпін беру үшін тиісті инвестицияларды саламыз", - деді Тоқаев.

Сонымен бірге Қазақстан басшысы 2060 жылдың соңына дейін көміртегі бейтараптығына толық қол жеткізу туралы елдің өршіл мақсаты туралы еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ол үшін қазақстандықтар өз ойларын түбегейлі өзгертуі керек.

"Бұл бүкіл әлемде экономикалық дамудың жалпы үрдісі екенін мойындаймын және Қазақстан одан қалыс қалмайды. Онымен бір мезгілде біз қоршаған ортаны қорғауға аса мән береміз. Иә, Қазақстан бұрынғыдай энергетикалық балансы көмірге тәуелді ел болып қалып отыр. Бірақ алдағы болашақта жағдай айтарлықтай оңынан өзгереді деп ойлаймын", - деді ол.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана