Мемқызметші есепшотына келіп түскен сыйлық ақшаны не істеуі керек

2239 просмотров
0
Ратель
Среда, 29 Апр 2020, 14:30

Мемлекеттік органның басшысы немесе қызметкері есепшотына келіп түскен сыйлық ақшаны мемлекетке қайтаруы тиіс

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алады

Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында депутат Мейрам Пішембаев қаралып отырған құжаттың 12-бабына қызметкерлерге немесе олардың отбасы мүшелеріне хабардар етілмей келіп түскен сыйлықты күнтізбелік 7 күн ішінде мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру көзделген норма енізілгеніне назар аударды.

"Осыған орай менің мынадай сұрағым бар. Әрине, өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Кейбір кезде ойламаған, күтпеген оқиғалар кез келуі мүмкін. Мәселен, мемлекеттік органның басшысы немесе қызметкері не олардың отбасы мүшелері шотына түскен сыйлық туралы хабардар болмаса, не істеуі керек?", - деп сұрады депутат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтен.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары бұл норма қолданыстағы заңнамада бар екенін, жаңадан енгізілген талап еместігін атап өтті.

"Ешқандай жаңадан тыйым салынбайды. Расында да, мемлекеттік қызметші не оның отбасы мүшелерінің есепшотына ақша аударымы түссе, онда олар оны білмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда 7 күннің ішінде бұл ақша мемлекеттік бюджетке аударылуы тиіс. Ал сыйлыққа келетін болсақ, біздің пікірімізше, сыйлықты алу мен оны анықтау бір мезетте орын алатын жағдай деп айтуға болады. Сондықтан осындай норма қолданыстағы заңда бар", - деді ол.

Иллюстративное фото из открытых источников.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай